Ердоған Молдованың территория тұтастығының Түркия үшін өміршең маңызда екенін айтты

Президент Ердоған Гагауыз еліне барды.

Ердоған Молдованың территория тұтастығының Түркия үшін өміршең маңызда екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Молдованың территория тұтастығының Түркия үшін өміршең маңызда екенін айтты.

Молдова сапары аясында Гагауыз автономдық аймағының бас қаласы Комратқа барған президент Ердоған Молдова президенті Додон және Гагауыз аймаңы басшысы Ирина Влахпен кездесулерінен кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Ердоған осындағы сөзінде: «Молдованың территория тұтастығы біз үшін өміршең маңызда.  Түркия ретінде бұрын болғандай алдымыздағы кезеңде де қандастарымыздың жанында болатынымызды атап айттық. Біз Гагауыз елінің Молдовамен бірге иықтасып, даму ынталарын жалғастырғанын көргіміз келеді» деді.

Молдова мен Гагауыз елінің 1994 жылдан бері тыныш өмір сүргенін көргендеріне қуанышты екенін атап көрсеткен Ердоған: «Құрметті президент Игорь Додон мен үкіметінің қолдауы, Гагауыз елінің басшысы және мемлекеттік қайраткерлердің табандылығымен автономдық аймақтың лайықты түрде басқарылуы үшін нақты қадам басылуы тақырыбында келістік» деді.



Ұқсас жаңалықтар