Президент Ердоған Ильхам Әлиевті салтанатпен қарсы алды

Қайта сайланған Әлиев шетелге алғашқы сапарын Түркияға ұйымдастырды.

Президент Ердоған Ильхам Әлиевті салтанатпен қарсы алды
Президент Ердоған Әлиевті салтанатпен қарсы алды
Президент Ердоған Әлиевті салтанатпен қарсы алды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияға келді. Президент Ердоған Әлиевті салтанатпен қарсы алды

Мемлекеттік сапармен Түркияға келген Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевті президент Режеп Тайып Ердоған салтанатты түрде қарсы алды.

Ердоған Әлиевті Президенттік кешеннің басты қақпасында қарсы алды.

Екі лидер орындарына келгеннен кейін ұлттық әнұрандар шырқалды.

Рәсімде президенттік әскери оркестр бірінші рет «Жан Әзірбайжан» әнін орындады.

Оңаша кездесу және Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі отырысынан кейін екі ел арасында келісімдерге қол қойылды.  Артынан Ердоған мен Әлиев баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Әзірбайжанда 11 сәуір күні өткен президенттік сайлауда қайта сайланған Әлиев шетелге алғашқы сапарын Түркияға ұйымдастырды.



Ұқсас жаңалықтар