"Түркия - беделді одақтасымыз"

НАТО Бас хатшысы Анкараға келеді.

"Түркия - беделді одақтасымыз"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО үшін беделді және маңызды одақтас екенін айтты.

Столтенберг бүгін ресми сапармен Анкараға келеді.

Бас хатшы сапар қарсаңында Бельгияның бас қаласы брюссельдегі НАТО штабында мәлімдеме жасады.  Ол Түркия сапарының мақсатының шілде айында өтетін НАТо саммитіне дайындық екенін білдірді.

«Түркия көптеген себепке байланысты өте беделді және маңызды одақтас болғандықтан,  Анкара сапарымды сабырсыздықпен күтудемін.  Түркия стратегиялық тұғыры себепті өте маңызды одақтас.  Сондықтан НАТО-ның қиын қауіпсіздік атмосферасына қалай үйлесетіні секілді маңызды тақырып қолға алынатын саммитке дайындық үшін түрік басшылармен ақылдасудың да маңызы зор» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар