Президент Ердоғаннан доллардың қысымындағы елдерге шақыру

Президент Режеп Тайып Ердоған шетел валютасының қысымындағы елдерді доллардың орнына алтынмен қарыздануға шақырды.

Президент Ердоғаннан доллардың қысымындағы елдерге шақыру

Ердоған Стамбұлда Глобал іскерлер конгресіндегі баяндамасында саясат пен сауданың тұғырының өзгере бастағанын атап көрсеткен Ердоған «Енді аймақтық және жергілікті тұғырлармен қозғалуда. Әлемнің бір орталықтан басқарыла алмайтыны жайлап ақылға қона бастады» деді.

Халықаралық валюта қоры "IMF"-тің қарыз берген мемлекеттердің саясаттарына да араласуға тырысқанын атап көрсеткен Ердоған «Әлемнің әлсіз мемлекеттерін қинап, тонап отыр» деді.

Түркияның 2013 жылы IMF-ке қарыздарын өтегенін атап көрсеткен президент «Доллар арқылы әлем шетел валютасының қысымына ұшырайды. Алтын тарихта ешбір уақытта қысым құралы болған емес» деді.

Ердоған қысымға алынған елдерді доллардың орнына алтынмен қарыздануға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар