Йылдырым және Ципрас телефонмен әңгімелесті

Бинали Йылдырым грек әріптесіне телефон шалып, Эгей теңізіндегі дағдарыс туралы сөйлесті.

Йылдырым және Ципрас телефонмен әңгімелесті

Премьер-министр Бинали Йылдырым Грекия премьер-министрі Алексис Ципрасқа Эгей теңізіндегі дағдарыстың қызуын түсіру үшін қажетті шараларды қабылдау керектігін атап айтты.

Премьер-министр Ципрасқа «Соңғы кездегі дағдарыс мазамызды алды. Эгей теңізінде қызуды түсіру үшін Грекия тиісті қадамдарды басу керек» деді.

Әңгіме барысында бұл тақырыпта екі елдің әскери лауазымдыларының бас қосуының пайда болатыны жөнінде тараптар келісті.

Премьер-министр ресми сапармен Белоруссияға аттанбай тұрғанда журналисттердің сұрақтарына жауап қатарды.

Йылдырым «Ципрасқа дағдарыстардан аулақ жүрудің екі елге жақсылық әкелетінін ашық түрде жеткіздік» деді.

Йылдырым «Эгей теңізі достық теңізі болу керек» деді.

Премьер-министр түрік және грек армия басшыларының НАТО құрамындағы іс-шаралар аясында Бельгияның Брюссель қаласында бас қосатынын да тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар