Президент Ердоғаннан АҚШ-қа қатаң наразылық

Президент Ердоған террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG-ге қару жәрдемі жасау туралы АҚШ қабылдаған шешімге наразылық көрсетті.

Президент Ердоғаннан АҚШ-қа қатаң наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG-ге қару жәрдемі жасау туралы АҚШ қабылдаған шешімнің Түркияның АҚШ ынтымақтастығына жағымсыз ықпал ететінін атап көрсетті.

Президент және Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде партиялықтарға үн қатты.

Баяндамасында АҚШ-тың екі жүзді саясатына назар аударған Ердоған ғасырлардан бері мемлекеттік салты бар Түркияның террормен күрес тақырыбында қажетті шараны қолданатынын білдірді.

Ердоған «Бұл операция себепті әлі елімізді айыптағандар алдымен аймақтағы туннельдерге, күзету мұнараларына, жаппай қаруландырылған ауылдарға қарасын. Егер ортадағы дәлелдерге қарамастан осы дайындықтардың барлығын елімізді нысанаға алмағанын алға тартқандар болса онда айтатын сөз жоқ» деді.

АҚШ-ты НАТО мүшелігі мен одақтастықтан туындаған жауапкершілік санамен қозғалуға шақырған Ердоған «Бұл қандай НАТО мүшелігі? Біз НАТО-да біргеміз десек, Түркия НАТО-ның қаулылары мен қарарларына қалай бағынса, АҚШ-та соншама бағынуға тиісті. Елдердің барлығы АҚШ-пен тепе-тең құқыққа ие. НАТО теңдік деген сөз, АҚШ-тан тұрмайды. Бүкіл елдер АҚШ-қа тең, барша бұған бағыну керек» деді.

АҚШ-тың әрі PKK/KCK/PYD-YPG және әрі ДАИШ террор ұйымымен ынтымақтастық жасағанына назар аударған Ердоған «Қанша ДАИШ-тікті жойдыңыз? ДАИШ-тіктерді қайда жібердіңіз? Ортада ешбір шындық пен оқиға жоқ! Біз аймақта кімнің кіммен ынтымақтасқанын, не жасап отырғанын, кімге қай жәрдемдердің жасалғанын жақсы білеміз, тіркеп отырмыз. Енді ешкімнің ДАИШ-ті сылтауратуға құқығы жоқ. Сирия мен Ирактағы ДАИШ сценарийінің соңына жеттік. Осылардың PKK-лық екені жайлы белгі байқамадық дегендер соқыр және есалаң болмаса онда жаман ниетті» деді.

Аймақтағы АҚШ қолбасшыларының мәлімдемелеріне наразылық көрсеткен президент Ердоған «Бізді атқылайтын болса өте ауыр тойтарыс береміз. Бұлардың алдында Османлы соққысын көрмегені білініп тұр. Түркияны өздері қалаған кезде кіріп шығатындары, әртүрлі жасаған заңсыздықтары үшін есеп бермейтін елдермен шатастырса, солай емес екенін көреді. Дәл қастарындағы серіктестерінен бастап, біз көрген барлық террористі құртамыз. Сол кезде террористтерге жақын тұрмағандары өздеріне жақсы» деді.



Ұқсас жаңалықтар