Президент Ватиканға барады

Ердоған артынан Латын Америка елдеріне барады.

Президент Ватиканға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 5 ақпан күні Папа Францисктің қонағы ретінде Ватиканға барады.

Ердоғанның католиктердің рухани басшысы Папамен кездесуінде ең маңызды тақырып Иерусалим болмақ.

Президент АҚШ-тың Иерусалим шешіміне байланысты Ватиканның ұстанымына орай Папаға алғыс айтады.

Президент Ердоғанның Ватиканға сапары 59 жылдан кейін президент деңгейінде өткізілетін алғашқы сапар болмақ.

Папа Франциск 2014 жылы Түркияға мемлекеттік сапармен келіп, Президенттік сарайда күтілген алғашқы лидер болған еді.

Президент Ердоған Ватикан сапарынан кейін Латын Америка сапарына шығады. Венесуэла, Бразилия және Парагувай секілді Латын Америка елдерінде экономикалық қатынастармен қоса Иерусалим, Сирия және Ирак проблемалары қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар