"Түркия әлемнің 13-ші үлкен экономикасына ие"

Премьер-министр Бинали Йылдырым әлемнің ең үлкен жобаларын жүзеге асырған елдің Түркия екенін атап көрсетті.

"Түркия әлемнің 13-ші үлкен экономикасына ие"

Премьер-министр Йылдырым «Түркия енді әлсіз бір мемлекет емес. Түркия әлемнің 13-ші үлкен экономикасына ие. Әлемнің ең үлкен жобаларын жүзеге асырған ел - Түркия» деді.

Премьер-министр Йылдырым «Тек қана ел көлемінде емес, шетелде де террор ұйымдарына, елімізге бағыттап жасалған опасыз жоспарлардың авторларына қарсы күресіміз жалғасуда» деді.

АҚШ әкімшілігінің Иерусалимді бір жақты «Израильдің астанасы» деп жариялауының артынан Түркияның аймақтағы маңызының тағы бір рет байқалғанын атап көрсеткен Йылдырым «Иерусалимді Израильдің астанасы деп қабылдау біз үшін мүмкін емес. Бұл шешімнің ‘күші жоқ’ екенін ескерттік. Осымен шектелмедік, бұдан былай Шығыс Иерусалим Израильдің емес, Палестинаның астанасы болады. Иншалла осы үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблеясы мен басқа халықаралық жиналыстарда мұны тілге тиек етеміз. Палестинаның одан көп танылуы үшін талпынамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар