Президент Ердоғанға қастандық жоспарланғаны алға тартылды

Грекияда ұсталған террор ұйымы «DHKP-C» мүшесі 9 террористің нысанасында президент Ердоған бар екені алға тартылды.

Президент Ердоғанға қастандық жоспарланғаны алға тартылды

Грекияда ұсталған террор ұйымы «DHKP-C» мүшесі 9 террористің нысанасында президент Режеп Тайып Ердоған бар екені алға тартылды.

«To Vima» газеті полиция ақпарат көздеріне сілтеген хабарында террор ұйымы DHKP-C күдіктілерінің президент Режеп Тайып Ердоғанға бір шабуыл жоспарлағанын жазды.

Хабарда грек полициясының (ELAS) операциясымен қолға түскен жоспарда ұйым мүшелерінің президент Ердоғанға қарсы зымыран, граната және молотоф коктейльдерімен қастандық жасалатынын көрсеткен бір жоспар табылғаны атап көрсетті.

Шабуыл жоспарында Ердоғанға «шаян» деп лақап қойылғаны, президенттің керуені өтіп бара жатқанда екі жақтан зымырандармен шабуылданатыны және бір ұйым мүшесінің де көлікке арқасынан шабуылдайтыны атап көрсетілді.

Хабарда полиция күштерінің Афинының шығысындағы Парнитха тауының етегінде жерге көмілгені алға тартылған зымырандар мен оқ-дәрілерді іздестіру жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар