Өзбекстан мен Тәжікстан арасында автобустар қайта қатынайды

Екі елдің ірі қалалары арасында мамыр айынан бастап автобус қатынайды.

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында автобустар қайта қатынайды

Өзбекстан мен Тәжікстан арасында 26 жылдан бері тоқтап тұрған автобустар қайта қатынайды.

Тәжікстан Транспорт министрлігінің хабарламасына қарағанда,  екі елдің ірі қалалары арасында мамыр айынан бастап автобус қатынайды.

Министрлік хабарламасында Тәжікстанның Душанбе қаласынан Өзбекстанның Денау және Термез қалаларына,  Ходжанд қаласынан Ташкент және Ферғана, Панджыкент қаласынан Самарқанд және Бұқара, Шаартуздан Термезге,  Исфара мен Канибадамнан да Қоқанд, Әндіжан, Наманган және Ферғана қалаларына маршрутты автобус рейстері басталатыны білдірілді.

Екі ел арасында су және энергия көздерінің қолданылуы және шекара проблемалары себебімен көптеген жылдан бері жалғасып келген келіспеушілік Шавкат Мирзиеевтің міндетке келуімен азайып, екі жақты қатынастар қалыптасу үрдісіне енген болатын.

1992 жылы Тәжікстанда азаматтық соғыс басталғаннан кейін екі ел арасындағы автобус және ұшақ рейстері тоқтатылды. Былтыр 25 жылдан кейін екі ел бас қалалары арасында қайтадан ұшақ рейстері басталды. Жабық тұрған он шекара қақпасы ашылып,  тараптар арасындағы теміржол қатынасы да өткен ай қайта басталды.

Өткен ай айырықша екі ел азаматтарының 30 күн бойы визасыз барыс-келістеріне рұқсат берілді.



Ұқсас жаңалықтар