Әзірбайжан АҚШ-қа наразылық көрсетті

Әзірбайжанның "Террор рискі бар елдер категориясында" орын алуына сыртқы істер министрлігінен наразылық келді.

Әзірбайжан АҚШ-қа наразылық көрсетті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрлігі тарапынан жарияланған саяхат ескерту тізімінде Әзірбайжанның "Террор рискі бар елдер категориясында" орын алуына сыртқы істер министрлігінен наразылық келді.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хикмет Хаджиев жасаған мәлімдемемен Әзірбайжанның террордың барлық түрлерін қатаң түрде айыптағанын білдірді.

Соңғы жылдары Әзірбайжанға келуші турист санының 24 пайызға өскенін және 2017 жылы 2,7 миллион туристті қонақ еткендерін еске салған Хаджиев «1-ші Еуропа ойындары, 4-ші Ислам ынтымақтастық ойындары, Формула 1 жарыстары, АҚШ пен Ресей Бас Штаб төрағалары, НАТО және Ресей жоғары деңгейлі әскери лауазымдылар келіссөздеріне қонақжайлық жасаған Әзірбайжан туралы АҚШ Сыртқы істер министрлігінің осындай мәлімдеме жасауы бізді таңқалдырды» деді.

Әзірбайжанда тұрақтылық, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіптің жоғары деңгейде қамтамасыз етілгеніне назар аударған Хаджиев «Арменияның басқыншылығында болған елді-мекендерден басқа Әзірбайжан үкіметі елдің қауіпсіздік жағдайын бақылауында ұстауда. Басқыншылық жағдайы аймақ бейбітшілігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан басты қауіп болып қабылдануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар