Қырғызстан президенті Жээнбеков Өзбекстанда

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекеттік сапармен Ташкентке барып,  өзбек басшы Шавкат Мирзиеевпен бас қосты.

Қырғызстан президенті Жээнбеков Өзбекстанда
Қырғызстан президенті Жээнбеков Өзбекстанда
Қырғызстан президенті Жээнбеков Өзбекстанда

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекеттік сапармен Ташкентке барып,  өзбек басшы Шавкат Мирзиеевпен бас қосты.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мемлекеттік сапармен Ташкентке барып,  өзбек басшы Шавкат Мирзиеевпен бас қосты.

Екі ел президенттерінің оңаша және делегация аралық кездесулерінен кейін екі ел арасында жастар саясаты,  кәсіподақтар,  ғылым-техника, кеден,  қаржы-экономикалық және төтенше жағдайларда ынтымақтастықты көздейтін келісім және хаттамаларға қол қойылды.  Артынан 2018-2021 жылдары арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салаларда ынтымақтастық жөніндегі үкіметтер арасы бағдарламаға қол қойылды.

Баспасөз өкілдерінің алдына шықөан Өзбекстан президенті Мирзиеев екі ел басшыларының биыл үшінші рет бас қосқанын,  осы кездесулерде маңызды мәселелерді шешкендерін айтты.

Мирзиеев Жээбековтың президент ретінде сайланғаннан кейін шетелге сапарларының алғашқыларының бірін Өзбекстанға ұйымдастырғанына назар аударып; «Біздің даңқты тарихымыз бар, ұлы ортақ болашағымыз да болады» деді.

Мирзиеевтің айтуынша екі ел арасындағы сауда айналымы биыл бірінші рет 250 миллион долларға жетті. Екі ел де сауда айналымын 500 миллион долларға жеткізуді мақсат етіп отыр.

Президент Мирзиеев екі ел арасында соңғы кезде өте маңызды проблемаларды шешкендерін,  кейбір шекара қақпаларының ашылғанын тілге тиек етіп: «Екі ел арасында шекара да болмайтын уақыт келер. Біз сол күнге де жетеміз.  Себебі біз тілі бір,  діні мен тамыры бір халықтармыз» деді.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы ұшақ рейстері мен теміржол қатынасының арттырылуы,  автобус рейстерін бастату тақырыбында келіскендерін атап көрсеткен Мирзиеев Қытай-Қазақстан-Өзбекстан теміржолын салудың осы елдермен қоса өңір елдері үшін де пайдалы болатынын білдірді.

Президент Жээнбеков та соңғы бір жылда екі ел арасындағы қатынастардың жылдам дамығанын,  көптеген проблеманың шешілгенін,  биыл бірінші рет мемлекеттік шекара келісіміне қол қойылғанын айтты.  «Біз екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны достық, ынтымақтастық және жақсы көршілік шекарасына айналдырдық» деді.

Сооронбай Жээнбеков артынан екі ела арасындағы қатынастарға қосқан үлесіне орай Қырғызстанның жоғары деңгейдегі ордендерінің бірі Дәнекер орденін Шавкат Мирзиеевке табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар