Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Доллардың орнына алтынмен қарыздансын» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Халықаралық валюта қоры "IMF"-тің қарыз берген мемлекеттердің саясаттарына да араласуға тырысқанын білдіріп, «Доллардың орнына алтынмен қарыздансын» деген ұсынысын қайталағанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Стамбулда Глобал іскерлер конгресіндегі баяндамасында саясат пен сауданың тұғырының өзгере бастағанын атап көрсеткен Ердоған «Енді аймақтық және жергілікті тұғырлармен қозғалуда. Әлемнің бір орталықтан басқарыла алмайтыны жайлап ақылға қона бастады» деді. Халықаралық валюта қоры "IMF"-тің қарыз берген мемлекеттердің саясаттарына да араласуға тырысқанын атап көрсеткен Ердоған «Әлемнің әлсіз мемлекеттерін қинап, тонап отыр» деді. Түркияның 2013 жылы IMF-ке қарыздарын өтегенін атап көрсеткен президент «Доллар арқылы әлем шетел валютасының қысымына ұшырайды. Алтын тарихта ешбір уақытта қысым құралы болған емес» деді.

Стар газеті «Орыс депутаты Ердоғанды үлгі алуымыз керек деді» атты тақырып қолданған. Газет Ресей парламентінің астынғы қанаты Дума қорғаныс комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Александр Шерин халықаралық мүдделерді қорғау үшін президент Режеп Тайып Ердоғанның күресінің үлгі алынуы керектігін айтқанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда Ресей ресми теледидары 1-ші каналы тікелей эфирінде мәлімдеме жасаған Шерин «Егер Ердоған сияқты күреспейтін болсақ, онда Америка Құрама Штаттарының ықпалынан құтылуымыз өте қиын болады. Мүдделерімізді қорғауымыз үшін Ердоғанның күресін үлгі алуымыз керек. Егер біз де Ердоғанның тұғырын ұстанатын болсақ, онда Вашингтон тыныш болады» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Чавушоғлұ Франция президенті Эммануэль Макронның жалғанын жарыққа шығарды» деген тақырыбымен берген. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Франция президенті Эммануэль Макронның «Асад режимін бомбалау арқылы Түркияны Ресейден ұзақтаттық» деген мәлімдемесіне наразылық көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен Анкарада ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырған Чавушоғлұ  Макронның Анкарадағы президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Руханидің қатысқан жиналысында орай алғысы келгенін, бірақ қабылданбағанын айтты. Чавушоғлұ Макронның жасаған мәлімдемелерін бірқатар елдердің теріске шығарғанын білдіріп, «Біз президентке үйлесетін мәлімдеме күтеміз» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Ұлттық ұшақ TF-X-нің макеті көрсетілді» атты хабарға орын берген. Газет Түрік авиация және ғарыш өнеркәсібі дамытқан, сондай-ақ Түркияның қос моторлы 5-ші ұрпақ ұшағы TF-X жобасының макетінің Малайзиядағы DS2018 қорғаныс жәрмеңкесінде көрсетілгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Түрік Қарулы Күштері қажеттіліктерді қамдау үшін басталған Ұлттық соғыс ұшақ жобасы мен Түрік әуе күштері қол басшылығы инвентаризациясында болған TF-X ұшағының өндірілуі мақсат етілуде.

Хабер Түрік газеті «Троя жылына Түрік әуе жолдары қолдау көрсетуде» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан Трояның ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енуінің 20 жылдығына дөп келгеніне орай 2018 жылы «Троя жылы» ретінде жарияланған еді. Түрік әуе жолдары Троя жылына қолдау көрсетуде.

 

 


Этикеттер: Иран , Ресей

Ұқсас жаңалықтар