Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркияға қатысты кейбір жаңалықтарға орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Негізгі әділет Түркияда» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып ЕрдоғанФетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымының (FETÖ/PDY) басшысы Фетуллах Гүленді ұстап бермеген АҚШ-қа Әділет Мәжілісінде қатаң наразылық көрсетті. Ердоған «Өздері қабылдаған саяси шешіммен Түркияны басып алуға әрекет жасайды. Мен осылардың бұл шешімдерін құрметтемеймін және оларға сенбеймін. Оларда әділет деген нәрсе жоқ» деді.

Стар газеті «Апелляциялық соттардың саны 15-ке көтеріледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым сот шешімдері негізінде 9 орталықта қызмет еткен апелляция соттарының санын 15-ке көтеретіндерін атап айтты. Премьер-министр Йылдырым Әділет Мәжілісінде айтқан сөзінде «Әділет органдарына деген сенімді ақтау және сот процестерін жылдамдату мақсатты кейбір жаңалықтарды қамтыған жаңа реформа жобасының жақында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне әкелеміз» деді.

Йени шафак газеті «Чавушоғлу YPG бар жерде болмаймыз» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иран мен Ресей Сириядағы кепілді жауапкершілігін орындау керектігін атап көрсетті. Чавушоғлу «Сочиге террористерді шақырмау керектігін, бөлшектеуші террор ұйымыPKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG бар жерде болмайтынымызды жеткіздік. Сочиге террор ұйымдары келетін болса, онда келіссөз кезеңі бұзылады» деді.

Хабертүрік газеті «Көшедегі жануарларды жәбірлеушілер 4,5 жылға сотталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет министрлігі тарапынан соңғы кездері жануарларға жасалған жәбірлеулердің алдын алу мақсатты дайындалған заң жобасына қарағанда иесі болса да, болмаса да жануарларды жәбірлеушілер және өлтіргендер 4.5 жылға, нәсілі жойылу қаупі астындағы жануарларды өлтіргендер болса 7 жылға дейін сотталады.

Хүррийет газеті «Университетке ЮНЕСКО кафедрасы ашылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбұл Билги Университетінде «Мәдениет саясаты және Мәдени дипломатия, БҰҰ Оқу, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) кафедрасы» құрылады. ЮНЕСКО Париж Жоғары Оқу бөлімшесінің бағалау кезеңі нәтижесінде құрылған ЮНЕСКО кафедрасы Билги Мәдениет саясаттары және басқару (KPY) зерттеу орталығы құрамында жұмыс істейді. Билги ЮНЕСКО кафедрасымен бірге ЮНЕСКО-ның шаңырағы астында халықаралық салада жаңа ынтымақтастықтар құрылып, көп ортақты мәдениет жобалары жүзеге асырылады.



Ұқсас жаңалықтар