Балалар фестивалі аясында көрме ашылды

Бурсада «Фотосуреттерде 40 жыл» атты көрме ашылды.

Балалар фестивалі аясында көрме ашылды

Биыл Бурсада өтетін TRT Халықаралық 23 сәуір балалар фестивалі аясында «Фотосуреттерде 40 жыл» атты көрме ашылды.

Көрменің беташарында Бурса қаласы әкімі Изеттин Күчүк қаланың он күн бойы әлемнің түкпір-түкпірінен келген балаларды қонақ қылатынын айтты.  «Әлемнің тамаша балалары,  сіздерді қонақ қылғанымызға қуаныштымыз.  Бурсаға қош келдіңдер. Сендер осында он күн бойы фольклор қойылымдары көрсетіп,  ән айтып, би билейсіңдер. Он күн бойы қаламызға сұлулық қосасыңдар» деді.

Шараға TRT бас директорының орынбасары Зеки Чифтчи де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар