Испания патшайымы София түрік кофесін ішті

Халықаралық Дипломаттар қоғамының 23-ші жәрмеңкесіне қатысқан патшайым осында түрік кофесін ішті.

Испания патшайымы София түрік кофесін ішті

Мадридтегі Халықаралық Дипломаттар қоғамының 23-ші жәрмеңкесіне қатысқан патшайым осында түрік кофесін ішті.

«Бір күн және бір мекенде әлемнің түкпір-түкпірінен сауда жасалатын ең үздік жер» деп көрсетілген жәрмеңкеге 42 елдің дипломаттары қатысты.  Олардың араларында түрік дипломаттары да болды.

Жәрмеңкеге келушілер қатысушы елдердің асханасының дәмдерін тату мүмкіндігіне ие болды.

Шара барысында сонымен бірге фольклорлық қойылымдар көрсетілді. Қол өнер бұйымдары таныстырылды.

«Дипломаттар базары» деп те алатын шараға қамқорлық жасаған Патшайым София Түркияның Мадридтегі елшілігінің стендіне де келді. Өзіне ұсынылған түрік кофесін ішкен патшайым Түркияның өкілетті елшісі Өмер Өнхон және жұбайы Мелтем Өнхоннан мәлімет алды.

Жәрмеңкеде айырықша Түркияға қос бағытта ұшақ билеті ойнатылды.

Жәрмеңкенің табысы Патшайым София фондының гуманитарлық көмек жұмыстарында қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар