Памуккалеге қытайлық туристер көп келуде

Қытай туристері Түркияда Памуккале, Стамбул және Каппадокияны таңдайды.

Памуккалеге қытайлық туристер көп келуде

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміндегі Памуккалеге қытайлық туристер көп келуде.

Денизли туристік қонақүйлер қоғамының басшысы Мурат Шен Қытайда «Түркия Туризм жылы» деп жарияланғаннан кейін осы елден келген турист санының едәуір артқанын білдірді.

«Қытай туристері Түркияда Памуккале, Стамбул және Каппадокияны таңдайды. Биыл өңірімізге көптеп қытайлық турист келуде. Қалада Қытай мейрамханалары ашыла бастады. Қонақтарға шармен саяхат,  түйемен қыдыру секілді түрлі шаралар ұйымдастырудамыз» деді ол.

Памуккалеге келген туристер ақ травертиндерде серуендеп,  байырғы бассейінде жүзеді. Хиераполис ежелгі қаласын аралайды.



Ұқсас жаңалықтар