Падиша Абдулхамит көрмесі ашылды

Көрмеде сол кездің 500-ге тарта туындысы орын алады.

abdulhamit sergisi.jpg
abdulhamit sergisi.jpg
abdulhamit sergisi.jpg
abdulhamit sergisi.jpg

«Абдулхамит Хан 100 жылдық еске алу көрмесі» Стамбулдағы Хисарт жанды тарих және Диорама мұражайында ашылды.

Падиша ІІ Абдулхамитке байланысты ең ауқымды көрмеде сол кездің 500-ге тарта туындысы орын алады.

Көрмеде падиша Абдулхамит Ханның бұдан бұрын жарыққа шықпаған ондаған туындысы, қарулар, қылыштар, тапанша, оған сыйланған қызықты бұйымдар, айырықша Абдулхамиттің әкесі Абдулмеджит, немере ағасы Абдулазиз Ханның бұйымдары да бар.

Шетелге де шығарылатын осы мұражайда Селчук дәуірінен басталатын, Османлыда 1453 жылғы Стамбул жеңісімен жалғасатын,  Республика дәуіріне дейін созылатын ауқымды экспонаттар орын алуда.

Көрмені дүйсенбі күндері тысында 17 наурыз күніне дейін аралап көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар