Сулавесидегі зілзала мен цунамиде  2091  адам ажал құшты

Сулавеси аралындағы зілзала мен цунамиде көз жұмғандар саны 2 мың 91-ге ұласты

Сулавесидегі зілзала мен цунамиде  2091  адам ажал құшты

Сулавеси аралындағы зілзала мен цунамиде көз жұмғандар саны 2 мың 91-ге ұласты

 Индонезияның Орталық Сулавеси провинциясы лауазым иелері 28 қыркүйекте болған зілзала мен цунамиде осы таңға дейін қаза тапқан адамдар санының 2 мың 91-ге жеткенін мәлімдеді.  

Зілзаладан кейін аймақта 534 дүмпу болғанын баяндаған лауазым иелері апат кесірінен үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған мөлшермен 80 мың адамға шатыр, азық-түлік және ауыз су сынды тұрмыстық қажеттіктері жөнінде жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, жер сілкінісі 28 қыркүйек күні сағат 18-02-де ел астанасы Джакартадан 2500 километр қашықтықта 10 километр тереңдікте болған еді. Зілзаладан соң кейбір аудандарда биіктігі 1,5 метрлік толқындар пайда болды.

 



Ұқсас жаңалықтар