"Әлем чемпионатында Африка жеңіске жетті"

Мадуро Франция құрамасының көбінің африкалық мигранттардан қалыптасқанына назар аударды.

"Әлем чемпионатында Африка жеңіске жетті"

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро 2018 FIFA Әлем чемпионатында чемпион атанған Франция құрамасының көбінің африкалық мигранттардан қалыптасқанына назар аударды.

Еліндегі бір шарада сөз сөйлеген Мадуро «Әлем кубогын Франция командасы алды,  бірақ ол Африка командасына көбірек ұқсайды. Негізінде Африка жеңіске жетті,  олар Францияға келіп жеткен африкалық мигранттардың балалары» деді.

«Еуропа түсінген шығар деп ойлаймын» деген Мадуро «Еуропада африкалықтарға қарсы нәсілшілдік,  мигранттарға қарсы жікшілдік бітсін» деп шақыру тастады.

«Африканы әрдайым кемсітті. Талан-таражға салды.  Енді кезек Әлем чемпионатына келгенде, Франция африкалық футболшылардың арқасында жеңіске жетті» деді ол.

Николас Мадуро Әлем чемпионатын өткізген Ресей президенті Владимир Путинді де табысына орай құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар