Нигерияда 30  адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік-батысында қарулы шабуылда 30  адам қаза тапты.

Нигерияда 30  адам қаза тапты

Батыс Африка елі Нигерияның солтүстік-батысында ұйымдастырылған екі бөлек қарулы шабуылда 30  адам қаза тапты.

Нигерия хабар агенттігі NAN-ның хабарына қарағанда Замфара провинциясына қарасты Кабаро және Даннами ауылдарында қарулы бір топ тарапынан ұйымдастырылған шабуылда көптеген адам жарақат алды.

Провинция полиция басқармасы мәлімдемешісі Мохаммед Шеху жасаған мәлімдемесінде шабуыл кесірінен көптеген адамның қорыққандықтан аймақтан кетуге мәжбүр болғанын білдірді.

Шеху аймаққа келген қауіпсіздік күштерінің қарулы үш күдіктіні ұстағанын баяндады.


Этикеттер: шабуыл , Нигерия

Ұқсас жаңалықтар