Медиа органын "террористтік ұйым" деп таныды

Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрі хабарлады.

Медиа органын "террористтік ұйым" деп таныды

Басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимде Израиль «Elia for media» атты органды «террористтік ұйым» деп таныды.

Израиль Қорғаныс министрі Авигдор Либерман Твиттер арқылы хабарлама жариялап: «Шығыс Иерусалимдегі «Elia for media» атты орган террористтік ұйым деп жарияланды» деді.

Либерман «шешімнің Израиль Ішкі Барлау қызметінің деректеріне орай қабылданғанын» алға тартты.  Оның айтуынша медиа органы жастардың орталығы секілді болып көрінгенімен,  «жастарды терроризмге жаттықтыруда және терроризмге қолдау беруде».

«Elia for media» органының директоры Ахмед әс Сафеди бұдан бұрын бірнеше мәрте Израиль полиция күштері тарапынан қамауға алынған болатын.

Израиль Шығыс Иерусалимде ондаған басылым органын жапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар