Ұлыбританияда әртүрлі қалаларға нәсілшіл мазмұндағы хаттар жіберілді

Ұлыбританияның әртүрлі қаласына мұсылмандарды нысанаға алып жіберілген нәсілшіл мазмұндағы хаттармен байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Ұлыбританияда әртүрлі қалаларға нәсілшіл мазмұндағы хаттар жіберілді

Ұлыбританияда әртүрлі қалаларда таратылған және халықты мұсылмандарға қарсы қақтығысқа шақырған «Бір мұсылман жазала» тақырыпты хаттармен байланысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Хаттарды жолдаған «Ұлттық акция» (National Action) атты радикал бір ұйым 2016 жылы террор тізіміне алынған болатын.

Ұйымға бағытталған өткен жыл жасалған операцияларда араларында әскери қызметкерлерде орын алған кейбір күдіктілер тұтқындалған болатын.

Ұйым мүшелерін «террор шабуылына дайындық пен террор әрекеттерін ынталандыру» айыбымен қозғалған қылмыстық іс жалғасуда.

2016 жылы маусым айында террор шабуылында қаза тапқан Жұмысшы партиясының әйел депутаты 'Jo Cox' қастандығының күдіктісі 'Thomas Mair' Ұлттық акция атты террор ұйымымен байланысты шыққан болатын.

Mair шабуыл кезінде қайта қайта «Алдымен Ұлыбритания» деп айқайлағаны алға тартылған болатын.

Шамамен 6 мың мүшесі бар «Алдымен Британия» тобы 2010 жылы мұсылман және босқындарға қарсы көзқарастарымен танымал Ағылшын ұлтшылдары партиясының (BNP) бұрынғы мүшелері тарапынан құрылды.



Ұқсас жаңалықтар