Міндеттен алынған Тиллерсон алғашқы мәлімдемесін жасады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон міндет мерзімінің 31 наурыз күні аяқталатынын атап көрсетті.

Міндеттен алынған Тиллерсон алғашқы мәлімдемесін жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан міндеттен алынған Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон міндет мерзімінің 31 наурыз күні аяқталатынын атап көрсетті.

Тиллерсон АҚШ Сыртқы істер министрлігінде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында міндеттен алынуы туралы мәлімдеме жасады.

Баспасөз жиналысында сезімталдығы назар аударған Тиллерсон президент Трамптың өзіне «Air Force» ұшағымен Калифорнияға бара жатқанда телефон шалғанын түсіндірді.

Міндет мерзімінің 31 наурыз күні аяқталатынын атап көрсеткен Тиллерсон бірге жұмыс істеген кадрларға алғысын айтып, «Министрлікте қызмет атқарған барлық достарымызбен қоштасамын, міндетімізді дұрыс атқару үшін барлығымыз ант іштік. Мен антымды бұзған жоқпын. АҚШ армиясы бізді қорғайды. АҚШ-тықтар ретінде ризамыз. Сирияда атысты тоқтатуды қамтамасыз еттік, мыңдаған адамның жанын құтқардық» деді.

Міндетін орынбасары Джон Сулливанға қайтаратынын атап көрсеткен Тиллерсон АҚШ Сыртқы істер министрлігі қызметіне тағайындалған Майк Помпеоға міндетті тапсыру кезеңі үшін жұмыстарын бастағанын атап көрсетті.

Президент Трамп кеше әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасап, Тиллерсонды міндеттен алғанын және орнына АҚШ Орталық барлау ұйымы (CIA) төрағасы Майк Помпеоды тағайындайтынын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар