Меркель төртінші рет премьер-министр

Германия канцлері ант ішіп, міндетін бастады.

Меркель төртінші рет премьер-министр

Германияда төртінші мәрте канцлер ретінде сайланған Христиан демократ одағы партиясы төрайымы Ангела Меркель ант ішіп, міндетін бастады.

Меркель президент Франк Валтер Штайнмайерден мандатын алғаннан кейін мәжіліске келіп,  ант ішті.

Ангела Меркель осылайша премьер-министр ретінде жаңа кезеңін ресми түрде бастады.

Меркель 2005, 2009 және 2013 жылдардан кейін бүгін Федералдық мәжілістегі сайлаудан кейін бірінен соң бірі төртінші рет премьер-министрлік міндетіне келді.

Федералдық мәжілісте жасырын өткен сайлауда Меркель дауыс беруге қатысқан 692 депутаттың 364-інің дауысын алды. 315 депутат «қарсы» дауыс қолданса, 9 депутат қалыс қалды.



Ұқсас жаңалықтар