АҚШ-тың қолбасшысы Түркиямен дағдарысты бағалады

"Түркиямен арамыздағы дағдарысты дипломатиялық және әскери әдістермен шешуге тырысамыз".

АҚШ-тың қолбасшысы Түркиямен дағдарысты бағалады

АҚШ Орталық күштері (CENTCOM) қолбасшысы генерал Джозеф Вотел Сирия тақырыбында "Түркиямен арамыздағы дағдарысты дипломатиялық және әскери әдістермен шешуге тырысамыз" білдірді.

Джозеф Вотел АҚШ Африка күштері (AFRICOM) қолбасшысы Томас Валдхаусермен бірге Сенаттың қарулы қызметтер комитетіне баяндама жасады.

АҚШ-тың Түркия сияқты бір одақтасымен Сириядағы мүдделерінің бәсекеге айналғаны жөніндегі бір сұраққа қайтарған жауабында Вотел Түркияның бір НАТО одақтасы және террор ұйымы ДАИШ-пен күрестің де маңызды бір бөлігі екеніне назар аударды.

Түркияның оңтүстік шекараларында заңды қайғылары бар екенін және АҚШ-тың мұны түсінгенін атап көрсеткен Вотел «Олардың шекараларында террордың салдарынан туындаған заңды қауіпсіздік уайымдары бар, түсінеміз. Әрине бұл арамыздағы қызуды арттырды. Қазір әсіресе дипломатиялық және әскери тұрғыдан шешуге тырысамыз» деді.

Генерал Вотелдің Түркия мен АҚШ арасындағы келіспеушіліктер жайлы Ресейді айыптауы назар аударды.

Ресейдің «Өрт шығарушы-өрт сөндіруші» ұстанымы ойнағанын атап көрсеткен Вотел Мәскеудің одақтастары арасында алымен дағдарыс туғызғанын кейін бітімгер ролімен алға шыққанын атап көрсетті.

Вотел «Ресейдің Сирияның солтүстігінде ойнаған ролінен және мұның аймақтық ынтымақтастықтарға, әсіресе де Түркиямен ынтымақтастығымызға қалай ықпал еткені тақырыбында уайымдарым бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар