Фетуллахшылардың Грекиядағы соты

Апелляциялық сот 22 ақпан күні болады.

Фетуллахшылардың Грекиядағы соты

Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылдың 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін Грекияға қашып кеткен төңкерісшілердің баспана талап еткен сотының отырыс күні анықталды.

Грекия Жоғары соты төрағасы Николас Сакелларию жазбаша мәлімдемесінде, төңкерісшілердің бірі Сүлейман Өзкайнакчыға берілген баспана беру құқығының тоқтатылуына байланысты апелляциялық соттың 22 ақпанда болатынын білдірді.

Хабарламаға қарағанда,  баспана құқығының алынып тасталуына байланысты грек үкіметінің наразылығы болса 4 мамыр күні Жоғары сотта қаралады.

Жоғары соттың түбегейлі үкіміне дейін қалған төңкерісшілердің талаптары жөнінде ешбір шешім жарияланбайды.

Грек үкіметінің төңкерісшіге баспана құқығы берілуіне байланысты наразылығының Афины Әкімшілік сотының орнына Жоғары сотта қаралуына шешім берілген болатын.

Түркияның төңкерісшілерді қайтаруына байланысты алғашқы екі талабын да қабылдамаған грек соттары енді үшінші қайтару талабын талқылайды.



Ұқсас жаңалықтар