Африканың 54 мемлекеті Трампты қатаң түрде айыптады

Африка елдері АҚШ президенті Дональд Трампты айыптап, кешірім сұрауын талап етті.

Африканың 54 мемлекеті Трампты қатаң түрде айыптады

Африкадағы 54 мемлекеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) алдындағы өкілетті елшілері кейбір Латын Америка мен Африкадан келген мигранттарды қорлайтын сөздер айтқаны себепті АҚШ президенті Дональд Трампты айыптап, кешірім сұрауын талап етті.

Аталмыш 54 елдің өкілетті елшілері АҚШ президенті Дональд Трамптың африкалық мигранттарға бағытталған сөздері себепті Нью-Йоркте жедел түрде бас қосып, жиналыс өткізді.

Жиналыстың артынан жарияланған ортақ декларацияда Трамптың Ақ Үйдегі бір жиналыста кейбір Латын Америка мен Африка елдерінен келген мигранттарға «жиренішті елдерден келеді» деп айтқан сөзінің «жанжал және нәсілшіл» екені аталып, қатаң түрде айыпталғаны атап көрсетілді.

Трамптың кешірім сұрауы талап етілген декларацияда АҚШ президенті Дональд Трампты айыптаған американдықтарға да алғыс айтылды.



Ұқсас жаңалықтар