Ирак түрікмен майданы офистеріне шабуыл жасалды

Киркук полиция директоры Хаттаб Өмер шабуылдың артынан оқиғамен байланысты тергеу ашылғанын мәлімдеді.

Ирак түрікмен майданы офистеріне шабуыл жасалды

Ирактың Киркук қала орталығындағы Мусалла ауданында Ирак түрікмен майданының екі бөлек офисіне кім екені белгісіз қарулы топ тарапынан шабуыл жасалды.

Керкук полиция директоры Хаттаб Өмер «Киркук қала орталығындағы Ирак түрікмен майданының екі бөлек офисіне қарулы шабуыл жасалды» деді.

Ирак түрікмен майданының Мусалладағы офисі мен Түрікмен өнеркәсіпшілер одағына бірдей уақытта шабуыл жасалғанын атап көрсеткен Өмер шабуылдар да адам шығыны болмағанын, тек материалды шығын бар екенін білдірді.

Кім екені белгісіз шабуылшылардың офистерге "RPG" қаруларымен шабуыл жасалғанын атап көрсеткен Өмер шабуылдың артынан аймаққа келген террормен күрес топтарының ауқымды тергеу ашқанын, шабуылшылардың іздестірілгенін жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар