Әлем  баспасөзіне шолу

Әдем баспасөзіндегі Түркия жайлы хабарлар

Әлем  баспасөзіне шолу

Ұлыбританиядан Ройтер ақпарат агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сириямен шекарасының террористтерден толығымен тазаланатынын айтты.

Иранның Мехр ақпарат агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған террористтердің Африн және Манбиджтен жойылатынын білдірді.

Ұлыбританиядан Ройтер ақпарат агенттігі: Түркия Америка Құрама Штаттарының Манбиджтен дереу кетуі керектігін білдірді.

Риа Новости: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу орыс әріптесі Сергей Лавровпен телефонда Сочидегі Сирия Ұлттық Диалог конгресі жөнінде сөйлесті.

АҚШ-тағы «Turkish American» порталы: Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Зәйтүн бұтаны операциясында Түрік Қарулы күштері қолданған оқ-дәрінің барлығының отандық екенін айтты.

Ресейдегі Спутник порталы: Президент Режеп Тайып Ердоған «Еркін Сирия армиясы Ұлттық күшке ұқсас құрылым» деді.

Пәкістандағы Янг газеті: Түркия мен Пәкістан энергетика саласында ынтымақтастықты арттыруға және өзара қатынастарды дамытуға шешім берді.

АҚШ-тағы «Turkish American» порталы: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Зәйтүн бұтағы операциясында біз әрі алаңда,  әрі үстелде мықтымыз» деді.

АҚШ-тың теле арнасы CNN: Хүркуш-В алғашқы сынағынан сүрінбей өтті.

Ресейдегі Спутник порталы: Президент Режеп Тайып Ердоғанның келесі аптаға жоспарланған Латын Америка сапары кейінге қалдырылды.

АҚШ-тағы «Turkish American» порталы: Түркия Сирияда барлық актерлердің өз жауапкершіліктерін орындауға шақырды.

Ресейдегі Спутник порталы: «Түркияның туризм табысы 2017 жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 18,9 пайыз артып,  26,3 миллиард доллар болды»

Германиядағы DW порталы: Түркия Ресейден Михрач Урал жөнінде түсініктеме сұрады.

Қырым Хабар агенттігі: Түркия мен Македония арасындағы еркін сауда келісімінің аясы кеңейтіледі.

Әзірбайжандағы Тренд ақпарат агенттігі: Түркияда энергетика тиімділігінде 30 миллиард долларлық үнемдеу көзделуде.

АҚШ-тағы AP ақпарат агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен Зәйтүн бұтағы операциясы және Идлиб сынды Сирияға байланысты тақырыптарды сөйлесті.

Италиядағы ANSAmed интернет порталы: Президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні Италияның бас қаласы Римде Папа Франциск,  президент Серджио Маттарелла және премьер-министр Паоло Сентилонимен кездеседі.

Ресейдегі Спутник порталы: Түркияға тұрғын саны 80 миллионнан асып, рекорд деңгейге жетті.

АҚШ-тағы «Turkish American» порталы: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарындағы әріптесі Рекс Тиллерсонмен телефонда Сочи конгресі, Зәйтүн бұтағы операциясы және Ирак тақырыптарын қолға алды.

Қырым Хабар агенттігі: Турситтер Түркияда тамақтануға 6 миллиард доллар жұмсады.

Әзірбайжандағы АзерТак агенттігі: Әзірбайжан президенті Илхам Алиев Түркия Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Жүлиде Сарыероғлу басшылығындағы делегацияны қабылдады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар