12 наурыз - Түрік Ұлттық ән ұраны қабылданған күн

Бұл ұран сонымен бірге Солтүстік Кипр Түрік Республикасының да ұлттық ән ұраны.

12 наурыз - Түрік Ұлттық ән ұраны қабылданған күн

Бүгін Түрік Ұлттық ән ұранының Түркия Республикасы мемлекетінің Ұлттық ән ұраны ретінде қабылдануын тойлап отырмыз.  Бұл ұран сонымен бірге Солтүстік Кипр Түрік Республикасының да ұлттық ән ұраны.  1921 жылдың 12 наурыз күні Азаттық соғысын жүргізіп жатқан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі байқау жариялап, осы байқауда ұлттық ақын ретінде қабылданған Мехмет Акиф Ерсойдың өлеңі жеңіп шықты. Ұлы ақынның өзі айтқандай «Алла Тағала енді ұлтымызға ұлттық ән ұран жаздырмасын». Түрік ұлтының символдарының біріне айналған ұлттық ән ұранның қабылдануымен құттықтаймыз.



Ұқсас жаңалықтар