Сооронбай Жиенбеков ант ішіп, міндетін бастады

Түрік әлемінен жаңалықтар-49

Сооронбай Жиенбеков ант ішіп, міндетін бастады

 

Бағдарламамызды Қырғызстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Қырғызстанда 15 қазан күні болған президенттік сайлаудан жеңіспен шыққан Социал демократ партиясының кандидаты Сооронбай Жиенбеков ант ішіп, міндетін бастады.

Жиенбековтың ант ішу рәсімі Президенттік сарайындағы қырғыз киіз үйі түріндегі Енесай конгресс залында өткізілді.

Ұлықтау мерәсіміне шетелдерден қонақ шақырылмады. Баспасөз өкілі ретінде тек Президенттік аппараттың баспасөз орталығы қатысқан ант ішу мерәсімінде Орталық Сайлау комитеті төрайымы Нұржан Шайлдабекова президенттік мандатын Жиенбековқа табыс етті.

Шайлдабекова 15 қазан күні болған президенттік сайлаудың бірінші турында дауыстардың 54,22 пайызын алған Жиенбековтың сайлауды жеңіп алғанын білдіріп, президенттік мандатын табыс етті.

Қырғыз байрағын сүйген жаңа президент Атамбаевтан Қырғыз байрағын қабылдап алды. Артынан атазаңға қол басып,  ант ішті.

Жиенбеков сөйлеген сөзінде президенттік міндетінде бірінші болып әділ және ашық сайлау өткізілуінде еңбегі сіңген бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты мемлекеттің ең жоғары сыйлығымен марапаттау жөніндегі жарлыққа қол қоятынын білдірді.

Жиенбеков сөзінде көп ұлтты халық бірлігіне мән берді.  Елде және бюрократияда аймақтық және этникалық жікшілдікке рұқсат бермейтінін атап көрсетті.

Тәуелсіз Қырғызстанның демократиялық жолында ілгерілегенін барша әлемге дәлелдегенін баяндаған Жиенбеков «Тәуелсіз тарихымызда алғаш рет ымыраласа отырып әкімшілік ауыстырылды» деген сөздер қолданды.

Халқына, партиялықтарға алғыс айтқан жаңа басшы сыртқы саясатта ұлттық мүдденің қорғалуы үшін жұмыстанатынын айтып: «Ресей Федерациясымен стратегиялық қатынастарды нығайтамыз.  Көрші Қытаймен қатынастарды тереңдете түсеміз.  Орталық Азиядағы көрші елдермен тарихи байланыстар аясында қарым-қатынастарымызды жалғастырамыз. Еуропа Одағына мүше елдермен жақын қатынас құрамыз.  Түркия және Америка Құрама Штаттарымен де ынтымақтастығымызды жетілдіреміз» деді.

Президент Сооронбай Жиенбеков 6 жылдық міндет барысында халықтың баюына, мемлекеттің өркендеуіне қызмет ететінін білдіріп: «Алла қасиетті және тәуелсіз Қырғызстанды қорғасын» деген сөздерімен баяндамасын тамамдады.

Ендігі хабарымыз Қазақстан жайлы.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Наурызда Орталық Азия лидерлері саммитін өткізуді ұсынды.

Қазақстанда «Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру үлгісі» атты конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға 16 елдің парламент депутаттары қатысты.

Қазақстан Парламенті мен Сыртқы істер министрлігі бірге ұйымдастырған конференцияның ашылу баяндамасын Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жасады.

Әбдірахманов Орталық Азия елдері президенттерін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығында Наурызда бейресми кездесу өткізу үшін бас қосуды ұсынды.

Әбдірахманов аймақ елдерінің ортақ мерекесі болған Наурызда өткізілетін бір саммитің елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға және мәселелердің шешілуін жеңілдетуге мүмкіндік беретініне сенгенін айтты.

Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығында ұйымдастырылған конференцияға Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Венгрия және Ресей Парламент делегациясы да орын алған 16 елден делегация қатысты.

Бағдарламамызды Түрікменстанмен аяқтаймыз.

Хабардың тақырыбы «Түрікменстанда Халықаралық Жібек жолы жорығы» деп аталады.

Түрікменстанда 2018 жылы ұйымдастырылатын Жібек жолы жорығы Амудария өзені жағасынан басталып, Каспий теңізінде аяқталады. 

Түрікменстан 2018 жылы Халықаралық Жібек жолы жорығын ұйымдастырады. 2018 жылы ұйымдастырылатын жорықтың Түрікменстанның танытуына үлес қосумен қатар керемет көріністер болады.

Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов апта ішінде астана Ашхабадтағы автомобиль спорттары орталығында тексеру жүргізді.

Түрікменстан лидері тексеру барысында Түрікменстанда 2018 жылы тақырыбының «Ұлы Жібек жолының жүрегі-Түрікменстан» деп аталғанына назар аударды. Спортқа қатты қызығатын Бердімұхаммедов 2018 жылы ішінде Халықаралық Жібек жолы жорығын ұйымдастыру бұйрығын берді.

Бұл жорық Амудария өзені жағасынан басталып, Каспий теңізінде аяқталады.  



Ұқсас жаңалықтар