Түркияның "BMC" фирмасы Катар армиясына 85 жаңа сауытты көлік дайындайды

BMC Доха Халықаралық теңіз қорғаныс көрмесі және конференциясында (DIMDEX 2018) жаңа экспорттық келісімдер жасады.

Түркияның "BMC" фирмасы Катар армиясына 85 жаңа сауытты көлік дайындайды

Түркияның алдынғы қатарлы сауытты көлік өндірушілерінің бірі BMC, Катар армиясына 85 жаңа сауытты көлік дайындайды.

BMC Катардағы Доха Халықаралық теңіз қорғаныс көрмесі және конференциясында (DIMDEX 2018) жаңа экспорт келісіміне қол қойды.

Қол қойылған келісім аясында Катар армиясының қажеттіліктері үшін 50 Кірпі көлігі, 35 Амазон көлігі өндіріледі.

BMC Атқару комитеті төрағасы Этхем Санджак көліктерін мұның алдында да Түрікменстан мен Тунус армиясына сатқандарын атап, «Әлем армияларынан сұраныс көп, бірақ артып отырған қажеттілігі себепті 2018 жылғы барлық өндірісті Түрік қарулы күштеріне беріп отырмыз. 2019 жылғы жоспарымыз болса өндірістің 40 пайызын экспортқа шығару» деді.

Санджак биылдан бастап, азаматтық автобус өндірісінде де жеңімпаз аталғандарын және соңғы рет Бельгияда болып өткен Халықаралық Автобус көрмесінде BMC-нің әлемнің үздік жобасы сыйлығын алғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар