Түркияның ең ірі паромы
Жүк тиелген бірінші рейсін табыспен аяқтады.

Түркияның ең ірі паромы «Сұлтан Алып Арыстан» жүк тиелген күйі бірінші рейсін Ван көлінде табыспен аяқтады.
Битлистің Татван ауданында 7 жыл жасалған паромның ұзындығы 136 жарым метр, ені 24 метр.
Паромның сыйымдылығы 350 жолаушы. Жүк тасу әлеуеті 4 мың тонна. Осы ерекшеліктерімен паром – Түркияның ең ірі паромы.
Паром Ван көлі үстіндегі Түркия-Иран транзит теміржолы желісінде қолданылады.
Сынақтары аяқталған паром жақында қызметін бастайды.