Азиз Махмұт Хүдаи Эфенди

Анатолының дана - ғұламалары 16

hudayi_hazretleri-3.jpg

Әлем мемлекеті ретінде Османлы мемлекеті әлеуметтік және саяси билікті жалғастыру жолының алдымен құқықтан яғни, әділетті қамтамасыз етумен мүмкін екенін өте жақсы білетін. Осы себептен ең жай оқиғалардың өзінде мәртебені, ағайынды және күшті емес, тураныy жақтады. Әділетті басқару оларға ата-бабаларынан мұра қалған бір мемлекеттік пәлсапа.

Қоғамдық әділетті егжей-тегжейіне дейін есептеп заңды бір негізге орнатқан Османлы екінші қадамды болса барлық мемлекетке ықпалын таратқан бір көңіл пәлсапасымен басатын. Ол - сопылық.

Сопылар; саясат, мемлекет жұмыстары, сауда т.б. күнделікті мәселелердің ізіне түспейтін тек қана «ақиқат ғылымы» жолында жүруге тырысқан адамдар болатын. Бұл ғылым жайлы жинақтаған тәжірибелерімен, сөздері, ұстанымдары, пікірлері және өнерлерімен терең бір мәдениет ортаға қойған. Және осы ерекшеліктерімен де қоғамдағы ішкі байланыстарды күшейткен.

16-17 ғасырда өмір сүрген Азиз Махмұт Хүдаи әрі заңгер, әрі сопылық ұстазы ретінде біз айтып отырған кезеңнің дәл жүрегінде орын алған бір тұлға. Өмірі бойынша 8 патша көрген Хүдаи Эфенди олардың көпшілігіне берген ахлақ пен адамгершілікке толы насихаттарымен саясаттың даналықпен бірге бола алатынын да көрсетті.

Анатолы дана-ғұламаларында бүгін Хүдаи Эфендинің көңілдерді шаттандырған өмірін баяндаймыз.

Азиз Махмұт Хүдаи Эфенди 16-шы ғасырдың орталарында дүниеге келді. Балалық шағында өте жақсы білім алды. Мұның нәтижесінде жастық шағына келгенде бір ұстаз болу үшін қажетті әр түрлі шартқа ие болды. Білімін ұстазы Назырзаде Рамазанның бақылауында аяқтады. Басқа жағынан Назырзаде медресе ұстазы ретінде тағайындалған көптеген қала мен уәлаятта жүріп, тәжірибесін арттырды. Уақыт өтіп, ұстазы қайтыс болған соң Бурса қаласының діни сот төрешісі болып тағайындалды. Алған ауқымды білімі, ақылы және ахлақымен қатты назар аударған, құрметтелген бір тұлғаға айналды.

Төреші міндетін атқарып жүргенде, кездескен бір сот ісі бар өмірін өзгертті. Бұл оқиғаның басты кейіпкері өткен апта сіздерге таныстырылған Үфтаде Эфенді болатын. Бір ерлі зайыптының ажырасу сотымен байланысты оқиғаны тыңдап отырған Хүдаи Эфенді кейбір кереметтерді тыңдап отырып, бұл кереметтің егжей-тегжейіне түскен кезде оның аты жиі аталып жатты. Көңіліне орналасқан таң қалу сезімімен бұл тұлғамен танысу керек екенін ойлай бастады. Өйткені Үфтаде мен оның керемет сөздері оған таныс сияқты еді. Және ақырында Бурса қаласының үлкен ғұламасы атақты төреші Азиз Махмұт Хүдаи Эфенди жылтыраған шекпенін киіп, атына мінді және Үфтаде Эфендинің мектебіне барды. Қатты ұяла отырып, өзінің оған шәкірт болғысы келгенін айтты. Бірақ ұстаз оған тіл тигізді. Оған былай айтты: «Төреші мырза... Біздің жолымыз - кедейлік жолы, есігіміз - кедейлік қақпасы. Сен болсаң қаншама әйгілі ғылымын, мәртебең, дүниең бар. Мына үстіндегі шекпенің, мінген атын бар. Біз саған бұларды бере алмаспыз. Бар, жол жақын кезде бұл жұмыстан бас тарт».

Бұл сөздерді естіген соң әбден ұялған жас төреші ұстаздың қолын ұстап:

«Менің ойым тұрақты, бұл жолдан бас тартпаймын, маған көмектесіңіз, мен де кедейлік жолына түсейін» деп жалбарды.

«Жарайды» дейді Үфтаде Эфенди және оған шәкірті болу үшін кейбір шарттары бар екенін айтады. Жаңа шәкіртінің алдына өте ауыр шарттар қойып:

«Төрешілік қызметін таста. Мына үстіңдегі жылтырап тұрған шекпеніңмен күн сайын Бурса көшелерінде бауыр сатып алып, бауыр сатасың. Кешке оралған кезде, сол бауырдан бізге де әкелуді ұмытпа!» дейді.

Шыныменде мәртебелі төреші мырза айтылғанды істеді. Осы жағдайдан бейхабар бурсалықтар оған қатты таң қалды. Оның есінен таңғанын ойлағандар да болды. Дегенмен ол керісінше ақылданған болатын. Нағыз бір ақылдың арқасында «ақылданған» болатын. Жылдар бойы ұстазының осы және осы секілді барлық бұйрығын еш ерінбей орындады. Өйткені байқап отыратын; бұл тапсырмалардың барлығы оның нәпсін жойып, жүрегіне тап-таза бір жарық түсіру үшін берілетін. Осы себептен еш қарсы шықпай, жолын жалғастырды. Ондағы бұл сабырлықты байқаған ұстазы да ең соңында Хүдаи Эфендиге жаттығудың аяқталғанын сүйіншіледі. Тазарған жүрегімен енді басқа адамдарға жарық түсіретін уақыт келген болатын. Тұңғыш қызмет орны да Сиврихисар болып белгіленді. Құдайға өлеңмен шүкіршілік жасады:

Келіңдер шүкіршілік жасайық,

Тынышсыздықтарға шара келсін.

Хақты зікір етейік,

 Жандарға сүйікті келсін.

Ұстазы оны мемлекеті Сиврихисарға жіберсе де, Хүдаи Эфенди сағынышы артып қысқа уақыттан соң қайта оралды. Ұстазын қатты сағынған болатын. Айтуға қарағанда көңіл иелерінің ұстаздарына деген құмарлығы сөздермен түсіндіріле алмас екен. Нәпістің батпақ жолдарынан шығуға көмектескен ұстаздарына қызмет ету мен олардың қасында жүруді жақсы көреді. Ұстаздарынан алған біліммен салыстырғанда бірнеше күнделікті жұмысты орындау қиын бола ма екен?

Сол себепті бір ынта және сүйіспеншілікпен ұстазына қайта қызмет ете бастады. Оның бұл қадірлеуіне разы болған Үфтаде Эфенди болса оған жиі дұға қылуы.

Дұға алу маңызды, үлкен бір бақыт. Хүдаи Эфенди сияқты Анатолы дана-ғұламалары әлемнің адамдардың бір-бірі үшін еткен дұғаларының арқасында аман қалғанын айтады. Сондай-ақ Алланың рақымды көрсеткен тұлғаларының да басқалар үшін шын жүректен дұға қылған адамдар екені белгілі. Өйткені сол адам меншілдіктің армандарын, қызғаншақтықтарын бір шетте тастап жомарттанған. Бұл сөздерін, тілектерін, ниеттерін басқа адамдар үшін жұмсаудың жомарттығы. Міне, Хүдаи Эфендидегі бұл жомарттықты босқа жібермеді ұстазы және былай деді: «Патшалар соңыңнан қалмай жүрсін, әй, Хүдаи!». Бұл уақыт өткен сайын жүзеге асатын, сырға толы дұға болатын.

Махмұд атындағы жас бір медресе оқушысы оқып, алдымен төреші болды. Дегенмен онымен шектелмей, нәпісімен үлкен бір күреске кіріп, ол күреске жеңіске жетіп, Азиз Махмұд Хүдаи болып шықты. Осында қолға түсірген ақиқат інжу-маржандары нақыл сөздер мен өлеңдер ретінде ұрпақтан ұрпаққа тарады.

 Шет жерлерге қарама,

Жанын отқа өртеме,

Әр көргеніңе берілме,

Таухидке кел, таухидке

 

Оян жалғаннан,

Құтыл бұл жаман ләззаттан,

Іш бірлік суынан,

Таухидке кел таухидке

Алдымен жүрек пен рухты жамандықтан алыстатуды үйреткен болатын үміткерлерге. Баршаға ақиқатқа толығымен берілуді үйретуге тырысты. Ақиқат жолында мықты бір наным және құдіретті бір махаббатпен жүруді насихаттады.

Шүбәсіз ол да барлық басқа Анатолы дана-ғұламалары сияқты сөзіне берік болатын.

Және осының арқасында ұстазы Үфтаде Эфендидің дұғасы да тәңір алдында қабылданды.

Азиз Махмұд Хүдаи өмірі бойынша 5 бөлек патшаға сабақ оқыды. Сансыз мемлекеттік лауазымдыға кеңес беріп, рухани жолдарына жарық түсті.

Бүгіннің өзінде руханиятымен жаңа ұрпақтармен де байланысуда. Оның жолынан жүретіндер өте көп.



Ұқсас жаңалықтар