Күн Тәртібі-16

Операция Мэттис пен Пентагонның жоспары бойынша жасалды.

Күн Тәртібі-16

 

Сирияда Асад режимінің Шығыс Гутада оппозицияларға жасалған химиялық қару шабуылы күн тәртіпке келіп, халықаралық бұқаралық пікірдің назарын аударды. АҚШ, Ұлыбритания және Франция үштік коалиция күштері 14 сәуір сенбі күні түнде Асад режимінің химиялық қаруына қарсы операция ұйымдастырды. Бұл әрекет әлемді дүр сілкіндірді.

АҚШ, Ұлыбритания және Францияның әскери операциясы режимді жазаландыру үшін ұйымдастырылған еді. АҚШ ішінде болған дау-дамайларға қаралғанда Трамптың кең көлемді бір операция қалағаны байқалса, АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис және Пентагонның болса Ресеймен бір эскалацияға себеп болмауы үшін шекті бір операцияны таңдағаны баршаға аян. Операция Мэттис пен Пентагонның жоспары бойынша жасалды.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Әслінде Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Франция бір коалиция құрып режим арқылы Ресейдің ықпал алаңын және Иранмен бірге әрекет жасаған шиіт сарбаздарын нысанаға алған еді. Америка Құрама Штаттарының Сириядағы режимді аудару сынды бір ниеті жоқ. АҚШ-тың қолына үлкен бір орай түсуіне қарамастан кең көлемді бір операция ұйымдастырмауы бұны айқын көрсетуде. Обама кезеңінде Сирияда және жалпы Орташығыста  Ресейге және Иранға үлкен бір алаң ашылған еді. Енді қазір Ресейдің қолдағы алаңды ақырын-ақырын тарылтатыны, сондай-ақ Иранның Сириядағы ықпалының шектелуі тілге тиек болуда.

Израиль және аймақтағы Шығанақ елдері тұрғысынан алғанда Иранның шектелуі маңызды болып саналады. Мысалы Израиль, Шығанақ елдері және Түркия тұрғысынан Иранның аймақтағы кең құлаш жаю саясаты қабылдануға болмайтын деңгейге жетті. Иран төңкеріс қорғаушылары, Хизбуллах және Иранға қарасты сарбаздардың Сириядағы санының 60 мыңнан асқаны білдірілуде. АҚШ-тың соңғы шабуылымен кейбір әуе базаларын бомбалағаны, алайда жалпы алғанда әскери операцияның шекті екені байқалуда. АҚШ басшылығындағы әскери күштердің операциясынан бұрын Израиль T4 әуе базасы секілді, Иран тарапынан қолданылған бірқатар әскери базаларды бомбалап жатқан еді .

АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күштерінің операцияларына қарсы Ресей мен Иранның беретін жауабы алдымыздағы күндерде нақтылы белгілі болады. Мысалы Асад режимі Иранды жақтайтын сарбаздар және орыстың ақшалы әскерлері алдыңғы айларда Дейр-эз-зор аймағында YPG тарапынан бақылау астына алынған мұнай кеңістіктеріне қарата ілгерілеу әрекетін жасаған болатын. АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күштері осы әрекеттерге қатал соққы беріп, ілгерілеуді тоқтатты. Бірақ АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күштерінің операциясынан кейін Ресей мен Иранның қарымжы ретінде Дейр-эз-зор желісіне қарата кең көлемді бір әскери шабуыл жасауы мүмкін. Бұндай жағдайда YPG тарапынан бақылау астына алынған және арабтар үстемдік құрған аймақтағы мұнай кеңістіктері үшін қырғын күрес туылуы мүмкін.

Ресей мен Иранның наразылықтары қандай болса болсын, Асад режимінің соңғы химиялық шабуылы халықаралық деңгейде үлкен жаңғырық жаратты. Өз халқына химиялық қару қолданған режимнің заңдылығы тағы бір мәрте тергеле басталды. Режим жасаған соғыс қылмысының жазалануы өте маңызды. Режимнің адамдық қылмыс істегені үшін жазалануына Түркия риза болса, Ресей мен АҚШ арасындағы үлкен дағдарыс Түркия қаламайтын бір сценарий болатын. Ресей мен АҚШ арасында Түркияның дәнекерлік жасауы Түркияның Сирия тепе-теңдігінде келген стратегиялық орнының дәлелі болып табылады. Түркияның дәнекерлігі арқылы АҚШ мен Ресей арасындағы дипломатиялық және әскери каналдар қайтадан ашылды.

Технологияның  дамуы және қорғаныс өнеркәсібінің соңғы жағдайы назарға алынғанда халықаралық күштерінің бір-бірлерін тікелей әскери тұрғыдан нысанаға алынуы мүмкін емес еді. Экономикалық және жойғыш соғыстарға қосымша өкілдер арқылы бір соғыс жүргізілуде. АҚШ-тың Ресейдің өкілдерін өлтіруінен кейін Ресейдің АҚШ-тың Сириядағы өкілі болған YPG-ні нысанаға алып алмауы белгісіз бір жағдай.


Этикеттер: Ресей , АҚШ

Ұқсас жаңалықтар