Израиль қауіпсіздігі ме? Әлде экспансиясы ма?

Жаһандық перспектива - 16

Израиль қауіпсіздігі ме? Әлде экспансиясы ма?

Терминология мазмұнды да анықтайды. Сіз қолданған ұғымдар бір мәселеге қалай қарайтыныңызды,  сол мәселе алдында қандай тұғыр алатыныңызды және нені мәселе немесе шешім ретінде қабылдайтыныңызды көрсетеді.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Түсінікті болу үшін бір мысал келтірейік: «ұстамды Ислам» ұғымын таңдасаңыз, негізінде проблема ретінде қараған нәрсеңіз Ислам болады.  Осы ұғым арқылы сөйлегеніңізде, дөрекілеу айтатын болсақ,  «радикал, қатаң,  жихадшы, фанатик Ислам түрлері де бар,  бірақ осылардың арасында ең орындысы «ұстамды Ислам» деген пікірді қабылдаған боласыз. Бұдан бұрын да жазғанымдай, «ұстамды батыс» ұғымын таңдасаңыз,  негізінде батыстың адам баласына көптеген зияны бар екенін,  ұстамды болған жағдайда батыстың адам баласына қосқан үлесіне назар аударып,  сондықтан ұстамды батыстың керектігін атап көрсеткен боласыз.

              Таяу Шығысқа бағытталған анализдерде әсіресе Сирия дағдарысында екі нәрсе,  екі олқылық назар аударады.  Біріншісі,  Таяу Шығыста Израиль деген ел жоқ секілді сараптамалар жасалады.  Сирия дағдарысында да солай. Осы территориядағы дағдарыстар осы елге қатысты емес секілді түрде Израиль еленбейді.  Ал Израиль құрылғаннан кейін Таяу Шығыс елдері бәлкім тарихтағы ең мазасыз кезеңдерінің бірін басынан өткізуде.  Сирия дағдарысында да Израильдің ықпалы ұмытылуда немесе ұмыттырылуда. Осы жағдайдың қалыптасуында Таяу Шығыс халықтарына көп таныс емес түрде Израильдің үнсіз және терең саясатының ықпалына бір ел өкілдік жасауы керек.  Бастапқыдан бері Сирия дағдарысында жеңіліп қалған елдер сұралғанда,  көптеген елді атап көрсетуге болады.  Бірақ осы дағдарыстан ең көп пайда тапқан ел Израиль шығар.  Себебі дағдарыспен бірге Израильге қауіп деп есептелген барлық елдердің ықпалы азайды. Сирия, Иран, Түркия, араб елдері осы дағдарыстан үлкен зиян көріп отыр.  Бұдан бұрын палестиналықтардың орынды күрестерінде оларды қолдаған кейбір шығанақ елдері бүгінгі күні Израильмен бір блок қалыптастырғандай болып отыр.

Басқа жағынан Израильдің халықаралық қоғам,  адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар,  жаһандық ұждан қарсы шыққан заң бұзушылықтары, басқыншы саясаты көп назар аудармай отыр.

Сараптамалардағы екінші олқылық болса жалпы алғанда Таяу Шығыс,  жеке алғанда Сирия дағдарысы аясында Израильді елемеумен бірге проблеманы Израильдің қауіпсіздігімен байланыстырған көзқарастар. Батыстық сараптамашылардың барлығына дерлігі әрқашан,  Таяу Шығыстағы сараптамашылар болса кейде «Израильдің қауіпсіздігі» сөзіне орын беруде. Израильдің қауіпсіздігі перспективасынан қарағанда,  Таяу Шығыста жасалған соншама қате әрекеттер Израильдің бүгінге дейін жасаған және жасаудағы соншалықты қырғынын заңды қылып көрсетеді. Себебі проблема қауіпсіздік проблемасы болса табиғи түрде әрбір ел  өз еліне бағытталған қауіп-қатерге қарсы қажетті шараны қолдануы керек.  Осындай жағдайда бір елді мұндай шараларды қолдану барысында мөлшерсіз қозғалды деп, адам құқықтарын және негізгі еркіндіктерді бұзды деп сынауға болады.

Ал жарты ғасырдан астам уақыттан бері Таяу Шығыстағы проблема - Израильдің қауіпсіздігі емес,  Израильдің экспансиялық саясаты. Баспасөзде жиі жарияланып тұратын, 1947 жылдан бері Израильдің территориясын қаншалықты кеңейткенін көрсететін карта осы шындықты айқын көрсетеді. 1946 жылы еврейлер Палестина жерінде тек кейбір елді мекендерде тұрған болса,  бүгінгі күні жағдай керісінше. Осы карта палестиналықтардың өмір сүру алаңдарының қаншалықты тарылғанын, территорияларының ашық түрмеге айналғанын айдан анық көрсетіп тұр. Журналист Мехмет Акиф Ерсойдың «қандай қиялың бар?» деген сұрағына Газада бір жігіттің жауабы олар тұрған жердің түрмеге айналғаны жөнінде маңызды көрсеткіш: «Израиль тарапында ешбір бақылауға тоқтамай, 180 км жылдамдықпен жарты сағат көлікпен жүру»...

Басқа жағынан Израильдің бүгінгі шекарада қалатынына да еш сенім жоқ.  Кейбір еврейлердің қарсы шығуына қарамастан,  фанатик нәсілшіл және сионист еврейлердің «Ұлы Израиль арманына» қарай  жылжығаны жасырын емес.  Интернетте аз ғана іздеп қарасаңыз,  осы шындықты нақ көресіз. Ұлы Израиль арманы аясында сионист еврейлер Тигр және Евфрат өзеніне дейін арабтар, күрдтер, түріктер және басқа  этникалық халықтар тұратын жерлерді өздері үшін «уәде етілген жер» деп есептейді. Бүгінгі күні Сирия дағдарысы шеңберінде ең көп тұрақсыздық та осы нәсілшіл еврейлердің «уәде берілген жерлерінде» болуда.

Әрі Израиль құрылғаннан бергі жүргізілген саясаттарға қарағанда,  әрі бүгінгі өңірлік саясаттарды алып қарағанда, Израильдің әрдайым экспансиялық саясат жүргізгені анық.  Израильдің қауіпсіздігі сөзі құрылған күннен бері жүргізілген шабуылдаушы және экспансиялық саясатты жасыру міндетін атқаруда.  Сондықтан дұрыс терминалогия – Израильдің қауіпсіздігі емес,  Израильдің экспансионистік саясаты.



Ұқсас жаңалықтар