Күн Тәртібі - 14

Түркия тепе-теңдік бір сыртқы саясат ұстана отырып, өз ұлттық мүдделері негізінде жұмыс істеуде.

Күн Тәртібі - 14

Күн Тәртібі - 14

Орыс текті бұрынғы екі жақты тыңшы Сергей Скрипаль мен қызы Юлия 4 наурыз күні Салибуриде бір орындықта естерінен танған күйде табылған болатын. Осы оқиғадан кейін АҚШ пен Ұлыбритания және жалпы батыс елдері мен Ресей арасында үлкен дағдарыс туыла бастады.  Ұлыбританияның жөн сілтеуімен ұйымдастырылған шабуылдың артқы жағында Ресейдің болғанын пайымдаған елдер наразылықтарын Ресей дипломаттары мен барлау ұйымы қызметкерлерін шекарадан шығару арқылы көрсетті. Ресейге наразылық көрсету серуенінде 25 ел, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және Еуропа елдері болып жиыны 140 орыс дипломатын шекарадан шығарды. Ресей Сыртқы істер министрлігі пайымдауларды қабылдамады. Скрипаль оқиғаларымен байланысты Ресей Ұлыбритания ерекше күштері мен Ұлыбритания барлау ұйымын айыптады. Мемлекеттік деңгей тысында халықаралық ұйымдар көлемінде болса НАТО тікелей Ресейді нысанаға алған бір саясат ұстанды. НАТО мүшесі Түркия болса, шабуылды айыптады. Бірақ Ресейді де тікелей айыптамады, әрі басқа елдер сынды Ресей дипломаттарын шекарадан шығармады.  

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Ресей мен Батыс елдері арасындағы Скрипаль дағдарысы «Қырғи қабақ соғыс» кезеңін еске салса да, әлемнің жаңа жүйесінде Қырғи қабақ соғысты тілге тиек ету онша мүмкін емес. Ресейдің өзін өте маңызды бір блок ретінде қарап Батыс блогына қарсы бір  шеп қалыптастыратынын ойлау ойға сыйымды бір анализ болмайды.  Ресейдің Қырымды жаулап алуы және Украина дағдарысымен бұзылған Ресей-Батыс қарым-қатынастары экономикалық соғысқа дейін ұлғайды. Скрипаль оқиғасы болса өртке май құйған соңғы шиеленіс ретінде түсіндірілді. Алайда батыс әлемінің ішкі бәсекелері және Германия баста болып, кейбір елдердің тіпті байсалды Ресей саясаты да назар аударуда.

Ресей мен батыс арасындағы дағдарыс жалғасқан кезде Түркия тепе-теңдік бір саясат ұстануда. Түркия өз ұлттық мүдделерін көздеген бір тұғыр көрсетуде. Скрипаль оқиғасында Түркия НАТО тұрғысынан алғанда батыстық одақтастарымен селбесу ішінде болуда. Алайда Ресей дипломаттарын шекарадан шығармай, Ресеймен болған дипломатиялық қатынасты қалыпты түрде сақтады. Сонымен қатар Түркия өз ұлттық мүдделерін көздей отырып, Аккую атом стансасының іргетасын қалау рәсімін Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин бірге жасады. Аккую атом стансасы 4 реактордан құралуда және бірінші реактордың 2023 жылы жұмысқа қосылуы жоспарлануда. Аккую атом стансасы жиыны 4800 мегаваттық электр өндіріліп, Түркияның энергия қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз етеді.

Ресеймен бірге Түрік ағыны жобасы жалғастырылады. Алғашқы сатыда Ресейден Түркияға, екінші сатыда Балкан елдеріне тікелей жалғанатын құбыр желісі жобасы жалғасуда. Түркияның жүзеге асырған басқа энергия жобаларымен қатар Түрік ағыны Түркияны энергия орталығына айналдыру жолындағы маңызды бір қадам болып табылады.

Алайда Түркияның ынтымақтастығы тек Ресеймен ғана шектеулі емес, сонымен қатар Еуропа Одағы мүшелері және Америка Құрама Штаттарымен де ынтымақтастығын күшейткісі келеді. Мысалы Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін алуға бағытталған келісімге қол қойған Түркия НАТО елдерінен де әуе қорғаныс жүйелерін алу жөнінде кездесулер өткізуде. Бұдан тыс Түркия Франция және Италиямен бірге әуе қорғаныс жүйесін өндіру үшін келісімге қол қойды. Түркия F-35 соғыс ұшағының жасалуында белсенді рөл алған бір ел.

Алайда Түркияның НАТО одақтастарымен FETÖ және PKK/YPG тақырыбындағы дағдарысы жалғасуда. Сонымен қатар Ресеймен Қырым, Украина және Гута мәселесінде келісе алмаған Түркия тепе-теңдік бір сыртқы саясат ұстана отырып, өз ұлттық мүдделері негізінде жұмыс істеуде.


Этикеттер: НАТО , Ресей

Ұқсас жаңалықтар