Яхия Эфенди (Ұры Дәруіш)

Анатолының дана - ғұламалары 14

Яхия Эфенди (Ұры Дәруіш)

Осыдан шамамен 500 жыл бұрын Стамбұлдың Бешикташ ауданында Яхия Эфенди атында танымал бір ғұлама өмір сүрген. Стамбұлдағы барша жақсы көретін, білімімен жастарға үлгілі бұл дана кісіні сол аймақта өмір сүрген понтилер «Ұры Дәруіш» деп атайтын. Тұңғыш рет естігендер әрине таң қалатын. Бұл қандай атау? Дәруіштен, ғұламадан ұрлықшы бола ма екен? Алайда болады. Бірақ ұрлықшының мұндайы біз білген әдеттегі ұрлықшыларға мүлдем ұқсамайды. Олар сияқты ақша, дүние, әмиян ұрламайтын, үйлерге кіріп зат та алмайтын. Дәруіштің ұрлықшысы тек қана жүректерге көз салатын. Ұрлаған жалғыз нәрсесі көңілдер еді.

Міне, осы еді Яхия Эфендидің ұрлығы. Досы болған көптеген Cтамбұл понтилерінің де жүрегінен бір-ақ шыққан. Оларды өзіне бағындырды. Тек қана олар ма? Жолын адастырған түрікті, понтиді, арабты, күртті сансыз иесіз адамды құлаудан және бақытсыздықтың құйынынан тартып, аман есен түзу жолға салған.

Ол ұрлықшылардың ең жомарты, бар нәрсесін адамдарға таратып, қолындағы кішігірім бір затты да мұқтаждарға беретін бір мінезге ие болатын.

 Стамбұл халқы да оның бұл жомарттығына солай жауап бергендіктен, соң аты ғасырлар бойы есте сақталды және бүгінге дейін еш ұмытылмады. Бұл қаланың рухани қорғаушыларының бірі ретінде тарихта өшпес із қалдырды.

«Анатолының дана – ғұламалары» бағдарламамызда бүгін сіздерге Яхия Эфенди мен оның өмірін баяндаймыз.

Османлы әскери теңіз флотының және теңізшілерінің рухани қорғаушысы бешикташтық Шейх Яхия Эфенди танымал бір дін қызметкерінің баласы болып дүниеге келді. Тұңғыш хатты әкесінен таныған және жоғары қабілетімен қысқа уақыттың ішінде назар аударған бір ғылыми деңгейге көтерілген. Өзімен бірдей кезеңде Трабзонда дүниеге келген Османлы патшасы Кануни Сұлтан Сүлейманның да сүт ағасы болатын. Кануниді нәресте кезінде өз шешесі емес, Яхия Эфендидің шешесі емізген. Туылған кезде бірнеше сағат айырмашылықпен дүниеге келгендіктен падиша Яхия Эфендиге әрқашан «аға» дейтін.

Яхия Эфенди Османлы мемлекетінің университеті деп қабылданған медреселердің биікке көтерілген дәуірінде мықты білім алады және кейін Стамбұл медреселерінде сабақ бере бастайды. Ұзақ жылдар бойы оқытушылығы бойынша мемлекеттің ең мықты оқу ордаларында ұстаздық жасаған. Әрі діни, әрі дүнияуи ғылымдарда нағыз бір ұстаз болған. Астрономия, математика және медицина салаларында теңдесі жоқ бір мазмұнға ие болатын.

Басқа жағынан жылдардан бері тұрақтылықпен жүзеге асырған рухани тәрбиесі және Зембилли Али Эфендиден алған сабақтары арқылы сопылықта да маңызды сатыға көтерілді.

Ұстаздықтан зейнетке шыққан соң сол кезде тыныш бір аймақ болған Бешикташ маңында салдырған үйіне көшіп келеді. Дегенмен Яхия Эфенди зейнеткерлік психологиясы ие емес болатын. Үйінің төңірегіне мешіт, медресе, қонақүй және монша сияқты ғимараттар салдырды. Қысқа уақытта оның үйі бір кешенге айналып, көптеген шәкірт тәрбиелейді. Атымен аталған сопылық мектебі Стамбұлдың рухани орталықтарынан біріне айналады. Және Яхия Эфенди мектебі халықтың ауруға шалдыққан жүректеріне әр таптан адам шипа іздеп келген рухани бір терапия орталығына айналады.

Білікті бол әй, көңіл,

Сенбе бұл ғайбатқа.

Хаққа жағатын іс жаса,

Сенбе бұл қиялға.

Яхия Эфенди әрі қозғалушы бір тұлға, әрі айналасындағы баршаға «махаббат» деп сөйлейтін бір көңіл иесі болатын. Балаларға да осылай үн қататын. Нәзіктігінің теңдесі жоқ еді.

Әлемнің жамандығымен емес, халыққа пайда әкелетін жұмыстармен шұғылданатын. Есігін қаққанды кері қайтармайтын, адамдарға үздіксіз сыйлықтар таратқаны айтылады. Оның жомарттығы соншалықты Стамбұлдың арғы бетінен келгендерді шығарып салған кезде олардың қолына қайықтың ақысын беретін. Адамдарға қызмет жасап, оларды бақытты қылу жүректерді тазартады деп сенетін.

Баршаның аяғында болармын топырақ,

Қылсын деп біреу жүрегімді пәк.

Яхия Эфенди «ғұлама» (мүдеррис) бүркеме атымен осыған ұқсас көптеген өлең жолдары жазған. Өмір сүрген аймағын болашақ ұрпақтар үшін өркендетсе, бос уақытта осыларды жазған шығар. Өйткені ол халық үшін мектептер құрудың маңызына қатты сенген және болашақта халықтың қиналмауы үшін қажетті деп қабылдаған.

Ол жазған диванында былай дейді:

Әй, үміткер! Өміріңді маңызды жұмыстарға жұмса,

Жүгірме мал сияқты әр дауысқа,

Жараса ма, исламға үйренген аяғында,

Мұқтаж болсын баршаға?

Әй, Мүдеррис өлім төсегінде жатсаң да,

Әрқашан қажет медресе бауырларыңа.

Яхия Эфенди қолындағы бар мүлікті осындай жұмыстарға жұмсаған. Оның ақша салған әмияны бар екенін ешкім көрмеген. Өйткені қолына түскен әр тиынды қайырымдылыққа жұмсаған. Барша дүнияуи жұмыстармен шұғылданып жатқанда, ол зейнет жылдарының өзінде жігітке ұқсап жер қазады, ғимараттар тұрғызады.

Әлемнің зейнетіне алданған халық,

Қызыл жасыл жапырақпен ойнайды.

Мүдеррис қазір жас жігіттей,

Бешикташта топырақпен ойнайды.

Бір күні Хаджы Али Эфенди деген өте білімді бір дін қызметкері даңқын көп естіген Яхия Эфендидің мектебіне келген. Мақсаты оны көріп таныспақ болған. Бірақ мектептегілер Яхия Эфендидің баққа барғанын айтқан. Али Эфенди баққа барғанда, сол жердегі адамдар оның қаланың арғы жағындағы бақта екенін айтып берген. Бұл жағдайға қатты таң қалған Али Эфенди қиналған. Ол көп мақталған Яхия Эфенди әлде бау-бақша аралаған дүнияуи нәрселердің артынан жүгіретін бір адам ма еді? Айтылғандай бір діншіл болғанда, ғибадатқа бағынуы керек емес пе еді? Бау-бақшада не істеп отырады?

Бұл ойларға қарамастан қайыққа отырып аталмыш баққа барды. Ол жерге барған кезде оның алдына шыққан Яхия Эфенди Али Эфендиге дос ретінде күлімсіреген. Және айтқан сөздерінің өзі рұқсат бермей күдіктерін жойған

«Сүйікті досым» деген соң «мен дүние жинау үшін емес, дүнияуи нәрселерден қашу үшін осы бау-бақшаларға өзімді беремін» дейді.

Және мына өлең жолдарын оқиды:

Әй Жарылқаушы! Құлыңмын.

Әміріңе бағынып, атаймын сені,

Маған не істесең істе,

Тек қана қылма құмар дүниеге!

Али Эфенди сол кезде түсінді алдындағы адамның мінезін... Бұл келбетті адам дүниені құшақтаған, бірақ дүниені иелену үшін емес. Баршадан көп жұмыс істейтін, бірақ жұмыстың құлы болғаны үшін емес.

Бешикташтық Яхия Эфенди өз өмірін мәңгі көктем берекесіне айналдырған тұлғалардан болатын. Әрі материалды, әрі рухани әлемді өзіне бағындырғандардан еді. Тіршілігінің әр минутын болмыстың ұйқасты қозғалысына сәйкестендіру мақсатында болатын барлық ынтасы.

Және осы ерекшелігімен оның аты да әрқашан тұрақтылығын сақтады, жүздеген жыл өтсе де, заманның тотығынан әсерленбеді.

Бешикташтың ашық аспанында жылтыраған бұл шоқ жұлдыз ешқашан өшпей, Анатолы дана-ғұламалары қатарында әр қашан береке мен шуағын шашты.



Ұқсас жаңалықтар