Жаһандық перспектива - 14

Күрдтер Исламның қай жерінде?

Жаһандық перспектива - 14

Жаһандық перспектива - 14

Авраам Линкольн «Халықтың бір бөлігін өмір бойы алдауға болар, тіпті, барша халықты та біршама уақыт алдауға болады, алайда бар халықты өмір бойы алдауға болмайды” деген екен. Түсінікке бағыт беру арқылы белгілі бір межеге жетуге болатын шығар.  Бірақ шындық әрқашан әшкереленеді.  Батыс медиасы PKK/PYD террорлық ұйымын «еркіндік күрескерлері» деп атайды.  Олардың ойынша, бұл ұйым – бүкіл күрдтердің өкілі. Осы ұйымға қарсы күрес күрдтерге қарсы деп жазады.  Осы террорлық ұйымға қолдау көрсету күрдтерге қолдау көрсету-мыс. Түркияның Африн операциясы да күрдтерге қарсы жүргізілген деп көрсетіледі. Әл Жазира секілді теле арналар да осылай қолданады.

                Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

 Күрдтерге этникалық тазалық жүргізген күрд террорлық ұйымдары

Ал PKK ұйымы ең үлкен жамандықты күрдтерге жасады және жасауда.  Түркияның PKK терроризмі салдарынан қаза тапқан 40 мыңнан астам адамның көбі – күрдтер.  Террорлық ұйым марксист-ленинистік идеологияны, терроризм әдістерін қабылдамаған күрдтерді өлтіруде.  Сондықтан Түркияның шығыс пен оңтүстік шығысынан миллиондаған адам Түркияның батыс аймақтарына, әсіресе Стамбулға көшті. Осы көштердің нәтижесінде Стамбул Түркияда күрд халық ең көп тұратын қалаға айналды. PKK терроризмінен қашқан азаматтардың Ирак пен Сириядағы күрд аймақтарына емес,  түріктер көп тұратын Түркияның ішкі аймақтарына көшуі – өте мағыналы.

Осыған ұқсас бір тазалықты PKK-ның тармағы  PYD ұйымы Сирияда жасауда. Америка Құрама Штаттарының қолдауымен Түркия шекарасында Жерорта теңізіне дейін бір террор дәлізін қалыптастыруды мақсат еткен PYD бұрын PKK жасағандай күрдтер бастаған, өздеріне қолдау бермеген арабтар,  түрікмендерді ел-жұртынан айдауда. Сондықтан жүз мыңдаған күрд азаматтар Түркияны паналады.  ДАИШ-тен қашқандармен бірге бүгінгі күні миллиондаған сириялық күрд Түркияда тұрады.

Әрине,  күрдтер арасында осы террорлық ұйымға қолдау бергендер де жоқ емес. Бірақ олар қолдау берді екен деп PKK-ны күрдтердің өкілі деп қабылдау Гитлерді немістердің,  Муссолиниді де италиандықтардың өкілі деп қабылдаумен тең.

Батыс елдеріндегі медиада жиі «Күрдтердің неге ұлыс мемлекеттері болмасқа?» деген сұрақты күрд жастар да сұрайды.  Бірақ осы сұрақты қойғандар мына сұрақты қоймайды: «Неге Американың 50 штаттан тұратын түрлі нәселдерінің бөлек елдері жоқ?». Таяу Шығыстағы барлық жікшіл қозғалыстарға көмек берген батыс елдері неге Каталонияның тәуелсіздік қозғалысына қолдау бермейді? Керісінше Германия ешбір террорлық лаңкестікке араласпаса да,  каталан тәуелсіздік басшысы Карлес Пучдемонды тұтқынға алады?

Мәселе негізінде әрбір ұлттың бір мемлекеті болуы емес,  бөлшекте- бөл- басқар саясаты.  Француз төңкерісін сынай келе Берк Эдмунд айтқандай «жарқыраған ұғымдардың» кімге,  неге қызмет ететіні – мәселе.

Мәселе әрбір ұлыстың, тіпті одан әрі кететін болсақ әрбір мырзалық/ қаланың бір мемлекеті болуы мәселесі болатын болса,  бұл жағдайды біздің территория бұдан бұрын да сынап көрді,  басынан өткізді.  Кресті жорықтар барысында Таяу Шығыста көптеген мырзалық,  әмірлік,  қала мемлекеті болды.  Анадолы да түрік мырзалары арасында бөлісілген еді.  Түріктер, күрдтер, арабтар өз арасында да бөлінді.  Нәтижеде не болды? Осы бөлінушілік салдарынан басып алынбаған Ислам елі қалмады. Себебі не болса болсын, бөліну бір рет басталды ма, қашан тоқтайтыны бөлшектегендердің ерік-жігерінде болады.  Бір ғасыр бұрын көпшілігі қолдамаса да,  батыстың ықпалымен арабтардің бір бөлігі осындай жолға кірді.  Енді қазір арабтың 23 елі бар. Қазіргі таңда Ирак, Сирия және Шығанақтың кейбір монархияларының одан әрі бөлшектенуі талас болып жатыр.  Осы күйімен Таяу Шығыстағы халықтар тарихтарындағы ең әлсіз,  ең қайғылы,  ең аяусыз кездерін басынан өткеруде.

Оқиғалар осыншама ашық түрде көз алдымызда тұрғанда,  күрдтерді де қосқанда Таяу Шығыс халықтары одан әрі бөлшектену емес,  бүтін болу,  бірігуді талқылауы қажет.

Зайырлы күрдтер – жақсы күрдтер ме?

Батыс медиасында PKK террорлық ұйымының зайырлы террор ұйымы болуы ерекше қадірленеді/ қолдау көреді. Ислам мен терроризмді байланыстыра отырып,  зайырлы күрдтерді «азаттық» деп есептейді. Зайырлылықты бір шара деп көрсетеді.  Бұл жағдай «түсінікке бағыт беру» ғана. Себебі адам баласының басына келген, адам көрмеген зұлымдықтар,  өлімдер болған екі ірі апат – бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар көбіне зайырлы елдер және/немесе зайырлы идеологиялар арасындағы соғыс. Зайырлы немесе зайырлы емес деп қарамау керек.  Империализмнің идеологиясы болмайды. Отарлау деген сөз. Сондықтан батыс елдерінің PKK террорлық ұйымына қолдауы осы террор ұйымы зайырлы болғандықтан емес,  өздері оны жақсы қолдана алатын болғандықтан.  Айырықша қоғамдық,  мәдени,  діни құндылықтардан аулақтаған,  өзі қалыптасқан қоғамға жат болған зайырлы немесе зайырлы емес барлық ұйым мен мемлекет империалистік елдерге жақындайды.

Осы асыра сілтеушіліктердің мақсаты не?

«Сабақ алмасаң,  тарих қайталанады» деп айтылады.  Бүгін – ертеңнің,  кеше – бүгіннің айнасы.

Тарихқа көз салсақ, Таяу Шығысты қалыптастырушы үш фактор – күрдтер, арабтар мен түріктер қаншама бірлік болса,  соншама тыныш өмір сүрген. Соншама жаһандық актер бола білген.  Бөлінген сайын көздің жасы,  өлім мен зұлымдық артқан. Араб,  күрд, түріктердің бірлігі тарихта өңірімізге қарсы жүргізілген кресті жорықтарын тоқтатқан еді.  Осы бірліктің арқасында басқыншылық астындағы Иерусалимді күрд қолбасшы Селахаддин Еюби құтқарды.  Аймақта тұрақтылық қамдалды. Енді батыс әлемі тарихта істегендерін тағы қайталап көріп отыр.  Бірнеше ғасыр бірге тұрған,  Исламды өркендеткен, Таяу Шығыстың бір факторын өзіне тартуға тырысуда.  Осы мақсатпен күрдтер империалистік шабуылдардың жергілікті қолшоқпарына айналдырылады.  Кресті жорықтары барысында осы ролді аймақтағы христиандар мен армяндардың бір бөлігі өз мойнына алған еді.  Енді Израиль аймақты тұрақсыздандыру үшін осындай рол ойнауда. Бірақ бірінші рет бір мұсылман қауым замандас империалистік шабуылдардың, кейбір елдердегі нео-крестшіл ағындардың жергілікті қолшоқпарына айналдырылғысы келеді. Осы мақсатпен күрдтердің марксист-ленинистік бір ұйымның артынан жүруін қалайды. Бірақ негізгі мақсат – мұсылман елдеріне жік салатын бір қоғам қалыптастыру.

Осыншама асыра сілтеушілік,  түсінікті бұрмалау операцияларына қарамастан күрдтердің көпшілігі бұны байқады,  біледі.  Ойынға қарсы.  Түрік, күрд,  арабтар секілді аймақ тұрғындарының мың жылдық түсінігі жеңіске жетіп,  территориямыздың балалары империалистік,  нео-крестшіл шабуылдардың қолшоқпары болмайды.

 



Ұқсас жаңалықтар