Ресейдің таңдауы – Жаңа қырғи қабақ соғыс және Түркия

Түрік сыртқы саясатының бағдары - 12

Rusyalı cahsus Skripal

Ресейде миллиондаған сайлаушы ел президентін анықтау үшін 18 наурыз күні сандыққа жүгінді. Бағдарламамыз дайындалған кезде сандықтар жартылай санаққа алынған болатын. Дауыстардың 75 пайызын жинаған Путин сайлауды бірінші орында аяқтайтын көрінеді. Сондықтан Путин төртінші рет президент болып сайланады.

Басқа жағынан бұрынғы орыс тыңшысы (Сергей Скрипал) мен қызының Ұлыбританияда жүйкеге зиян келтіретін газбен улануының артынан Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй тікелей орыс үкіметін айыптайтын мәлімдеме жасады. Осылайша Ресей мен батыс елдері арасында соңғы жылдары жалғасқан дағдарыс жаңа бір сатыға көшті. Ұлыбритания, АҚШ, Германия жасаған ортақ мәлімдемеде Екінші Дүниежүзілік соғыстың артынан Еуропа құрлығында тұңғыш рет улы газ қолданылғаны және Химиялық қаруларға тыйым салу туралы халықаралық келісімге қарама-қайшы жасалған бұл шабуыл Ұлыбританияның егемендігін нысанаға алғаны деген мәлімдемелер батыстың бұл шабуылды қатты назарға алғанын көрсетуде.

Ұлыбритания премьер-министрінің қатаң мәлімдемесіне Ресей «circus show» деп жауап қайтарды. Кейбір мамандарға қарағанда, Ресейдің «circus show» деп айтқан сөзінде терең бір мағына бар. Ағылшын барлау ұйымы «MI-6»-ның Лондондағы орталығы Кембридждің «Circus» алаңында орын алады. Міне осы себепті MI-6 «circus» атаумен белгілі. Яғни орыстар «circus show» мәлімдемесімен былай дейді: «Бұл улау оқиғасы бір ағылшын барлау ұйымының ойыны және біз мұны байқадық».

Соңғы дағдарыстар батыстық елдерде Мәскеу алдындағы кемшіліктерін азайтуы мүмкін. Бұл жүзеге асқан жағдайда, Ресейге қарсы санкцияларды арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайда Ресеймен әскери және энергия саласында ынтымақтастық жасаған Түркияға қарсы батыстан қысым келуі де мүмкін. S-400 әуе қорғаныс зымырандарының сатып алынуы, Түрік ағыны жобасы және тіпті Аккую АЭС жобаларынан бас тарту тақырыбында Түркия санкциялық қорқытулармен бетпе-бет қалуы мүмкін. Ресеймен ынтымақтастығы себепті батыстың жасауы ықтимал санкцияларына қарсы Анкараның дайын болуы керек.

Жаңа бір қырғиқабақ соғыстың белгілері ашық түрде байқалады. Ал бұл жаңалықтар болып жатқанда, түрік-орыс ынтымақтастығы қай деңгейде? Қазір түрік-орыс ынтымақтастығы бұрын-соңды болмағандай жақсы. Түркия мен Ресей арасында көптеген стратегиялық салада геосаяси бәсекелестік жалғасуда. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастық салаларының ауқымы да кеңеюде. Түркия мен Ресей қырғиқабақ соғыс аяқталған соң көптеген ортақ жұмыс саласы жетілдірді.

Түрік-орыс ынтымақтастығы қазір мына үш негіз төңірегінде үйлесімді түрде жалғасуда. Энергия (Түрік ағыны), әскери (S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу) және Сирия (Зәйтүн бұтағы операциясы) мәселесі. Әсіресе Сирия дағдарысы себепті НАТО мүшесі Түркияға зымыран қаупі төнгеніне қарамастан Патриот әуе қорғаныс жүйелерін НАТО Түркияға кешіктіріп әкелді. Испания мен Италиядан басқа мемлекеттер әуе қорғаныс құрылғыларын жинап әкетті. Қазір PKK-PYD-YPG террор ұйымының қолында НАТО-ға тиесілі жеңіл және ауыр қарулар бар. Тек қана НАТО инвентарында бар әскери жарылғыштар осы террористтер тарапынан Стамбұлдың дәл ортасында террор шабуылында қолданылды. FETÖ-нің (Фетуллахшы террор ұйымы) 15 шілде қанды төңкеріс әрекетіне қарсы батыстан назарға аларлық маңызды бір наразылық келмеді. Бұл оқиғалардың барлығы Түркияны міндетті түрде жаңа альтернативаларға бағыттайды.

Бүгін батыстың қос стандарт саясаты Түркия мен Ресейді бір-бірімен ынтымақтасуға итермелейді. Сондықтан халықаралық және аймақтық коньюнктура Түрік ағыны жобасы үшін ыңғайлы бір саяси ортаны құрайды. Түрік ағыны жобасы жаһандық энергия сұранысы қауіпсіздігінде Түркия жоспарлаған бір «hub» энергия орталығы және транзит ел болу нысаналарын жүзеге асыруға көмектеседі. Орыс табиғи газының Түркия арқылы Еуропаға «Түрік ағыны» деген атпен байланысуы Түркия-Ресей ынтымақтастығын тұрақтандыратын болады. Осыған қоса Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығында энергия тақырыбы арқылы жаңа бір кезеңді бастауы мүмкін.

Түрік ағыны жобасы – Ресейдің Түркияға деген сенімінің бір көрсеткіші. Түрік ағыны энергияны тасымалдау тақырыбында жаңа бір бағыт ашуы және екі ел арасындағы ынтымақтастыққа болымды ықпал етуі тұрғысынан да маңызды. Сондай-ақ Түркияның алғашқы АЭС жобасы Аккую АЭС-нің Ресейге тиесілі бір энергия фирмасы тарапынан салынуы екі жақты ынтымақтастықты одан жоғары бір тұғырға көтереді.

Қорытып айтқанда, қазір қол жеткізген тұғырда жаңа бір қырғиқабақ соғыстың белгісі көрініп жатқанда, тараптар Түркияны өздеріне күдіксіз жақындатқысы келеді. Түркияның ұлттық мүдделері бағытында қозғалатынын айту үшін көріпкел болу керек емес. 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Евфрат қалқаны операциясымен басталып, қазір жалғасып жатқан бұл кезеңде жеткілікті және егжей-тегжейлі мағлұматтарға қол жеткізуге болады.

Алдағы уақытта АҚШ Түркиядан бастап, Ресейдің барлық одақтастарына бағытталған қысымдарын арттыруы мүмкін. Бұл тұрғыдан Манбидж пен Евфраттың шығысындағы террор ұйымы PKK/YPG-нің болмысы тақырыбында маңызды бір проблема да шешімін тапқан жоқ. Егер Түркияның уайымдары жойылмаған жағдайда, Түркияның АҚШ-пен бастаған ынтымақтастықты қалпына келтіру кезеңінің жалғаспауы мүмкін. Негізінде Ресей мұны ұзақ уақыттан бері күтуде.



Ұқсас жаңалықтар