Элмалы Үмми Синан Эфенди

Анатолының дана-ғұламалары - 13

Элмалы Үмми Синан Эфенди

Гүл алып, гүл сатады,

Гүлден таразы жасайды.

Гүлді гүлмен тартады,

Базар, дүкен гүл ғой, гүл.

 

Түсімде бір қалаға бардым,

Көрген сарайым гүл ғой, гүл.

Сұлтанымның тәжі мен тағы,

Бағы, диваны гүл ғой, гүл.

 

Бір пайғамбар сөзі былай дейді: «Гүл ұсынған қолға гүлдің иісі сіңеді». Бұл педагогикалық мағынасы мол бір сөз. Болымды сезімдер, болымды сөздер мен қимыл-әрекеттер әрқашан доминодай әсер етеді. Ал егер бұл болымдылық рухани бір ауаны қамтитын болса, меншілдік өшіп, артқа жалғыз ақиқат қалар. Анатолы дана – ғұламалар жүретін жол міне, осы ақиқат жолы болып табылады.

Дүкен мен базарларда, мектеп пен сопылықта ақиқат жолының жолаушылары әрқашан бірге жүріп, бір-біріне жалықпастан шындықты және сабырлы болуды ұсынған. Адамдарға менмендікті, армандарын және өшін емес, қайырымдылық пен сүйіспеншіліктерін ұсынған.

Сондықтан олардың жүздері де гүл, сөздері де гүл ғой. Сөзді бастаған кезде аспанға гүлдің жапырағы, иісі жайылады.

Анатолының дана-ғұламалары атты бағдарламамызда хикмет гүлдерін жинақтауды жалғастырамыз. Бүгінгі тарауымызда сіздермен бірге Элмалы Үмми Синанның ойларына шолу жасап, оның хикмет бағындағы гүлдерін жинаймыз.

Османлының өркендеу дәуірінде Анатолының көптеген тұрғын аймағында ірілі-ұсақты ғылым орталықтары құрылған болатын. Османлының үлкен тарихы өркендеуіне бұл орталықтар үлес қосқан. «Медресе» деп аталған, өз дәуірінің ең мықты білім мекемелері ретінде қабылданған мектептерде ұлы ғалымдар тәрбиеленіп жатты. Бұл тұлғалар медресе білімдеріне сопылық мектептерінде көңіл білімін де қосып, толық бірер көсем болып шығатын. 16-шы ғасырдың соңы мен 17-ші ғасырдың бастарында Анатолының оңтүстігіндегі Анталия қаласына қарасты Элмалы да осындай бір аудан және Үмми Синан Эфендидің туған жері болатын. Элмалы ғылым мен білім ордасы болғаны үшін бұл жер Үмми Синанның тәрбиеленуінде үлкен рөл атқарды. Осында алған білімінің артынан Стамбұлға аттанған Үмми Синан белсенділігі және білім сүйіспеншілігімен өзін жетілдіріп, өз дәуіріндегі маңызды ғұламалардың  қатарына қосылды.

Ясауидің, Мәулананың, Юнустың бағытында жазған өлеңдері мен хикметтері арқасында даңқы шықты. Ең көп «инсан-ы камил» яғни сопылықта қол жеткізіле алатын ең жоғарғы сатыға жету үшін өзін дамытуға берілді. Ұстаздары сияқты сопылық ынтасын басшылыққа алды. Олар сияқты болмыстың бірлігіне бағытталды.

Үмми Синан Эфенди өз өмір салтын осы бірлік түсінігіне орай құрды. Жалғыз арманы нәпісінің ойындарынан құтылып, бар болмысымен ақиқат іздеу еді. Өйткені адамның нәпісі кісі мен ақиқат арасына керілген бір пердеге айналады. Сондықтан дұға оқуды өлгенше тастамаған:

 

Үмми Синандеді: «Жарылқаушы!»

Алып таста пердені арадан

Құтқар мені бұл жарадан

Тарт көңілімді өзіңе қарай

 

Осы ұлы дананың өзіне лақап ретінде Үмми атын таңдауы ерекше маңызды. Өйткені «үмми» сөзі «хат танымаған кісі» деген мағынаға келеді. Және дәруіш Синан бұл лақабымен адам ғылымының шектеулі шекаралары тақырыбында бір ұғым ортаға қояды.

Ұқсас бір жолдаманы сол дәуірдің маңызы дін ғалымдарынан Эбуссууд Эфендимен өткен диалогынан да байқамыз:

Бір әңгіме барысында осы екі ғалым білімнің шегі жайлы көзқарастарын баяндайды. Елдің ең жоғары деңгейлі дін ғұламасы орнында отырған Эбуссууд Эфендиге зиярат жасаған Үмми Синан өзін оған надан бір ауылдық ретінде таныстырып сұраған: «Тәңірдің ғылымы мен адамдардың ғылымы арасында қандай айырмашылық бар?».

Эбуссууд Эфенди бір қағазға үлкен бір шеңбер сызады. Дәл ортасына кішкентай бір нүкте салып «Мына шеңбердің ішіндегі бүкіл бос кеңістік Алланың білетіні. Әлемге келген барша ғалымның білгені болса, тек қана мына ортадағы кішкентай нүкте секілді» дейді.

Бұл мәлімдеменің артынан Үмми Синан Эфенді тағы бір сұрақпен соңғы нүктені қояды: «Жарайды, ал, Эбуссууд Эфенди, осы кішкентай нүктенің ішінде сенің білімін қаншама орын алады?».

Бұл сіз байқағандай өз жауабы ішінде жатқан бір сұрақ. Және адам ғылымының тәңірдің ғылымы алдындағы жарамсыздығын ашық түрде ортаға қояды.

Мұндай жағдайда адамның жасайтын нәрсесі Алла сүйіспеншілігін басшылыққа алу және ақиқат достарымен иықтасып, ақиқатты іздеу. Бұл жолда тек қана дұрыс әдіс - Алланың көмегін күту.

Байқағанымыз - Үмми Синанның халықпен өмір сүргені. Өзі өмір сүрген ғасырдың қателіктерін қатаң сынға алады. Соңғы зерттеулер оның соңғы ахи өкілдерінің бірі екендігін және ынтымақтастыққа сүйенген бір түсінікпен халықты біріктіріп отырғанын ортаға қояды. Денесі халықпен, жүрегі хақпен бірге жүрген тұлғалардың бірі. Тіршіліктен аулақ өмір сүру оған сай бір нәрсе емес. Діни ғылымдар сияқты дүнияуи ғылымдарға да уақытын бөліп, өз мектебінде көптеген шәкірт тәрбиелеген. Бұл шәкірттер кейіннен оның өз күшімен басталған рухани төңкерісін бүкіл Анатолыға таратады. Үмми Синан өмір сүрген ғасырда ол жайлы жазылған бір кітапта «хақ жолы мен шындықтың жолын көрсетуші» деп еске алынуы да осыдан.

Оның ең танымал шәкірттерінің бірі де күдіксіз Ниязи Мысри болып табылады. Ұлы бір дана және ақын болған Мисридің даңқы ұстазынан да асып түскен. Бұған қарамастан естеліктерінде және өлеңдерінде ұстазына деген құрметін терең сездіреді. Үмми Синан туралы былай дейді:

«Анатолы мен араб қалаларында көптеген данышпанның сұхбатына қол жеткіздім. Бірақ жүрегімнің шипасын тек қана Оған қызмет етудің абыройында таптым. Менің жарамның Локман Хакімі Үмми Синан Эфенди болып табылады. Ол азап шеккеннің дауасы, Мәжнүннің Ләйлісі, жүректердің тыныштығы бола алатын тұлғалардың бірі».

Үмми Синан міне, шәкірті түсіндірген осы ерекшеліктерімен замандастары үшін бір шырақ болған. Оларға ғылыми ақиқат жолының барлық сыпайылығын үйреткен. Әсіресе махаббаттың осы бағыттағы жандандырушы әсері жайлы тұрақтылыққа тоқталады. Оған қарағанда ғылым өз алдына үлкен бір табыс, дегенмен тек қана махаббатпен жолығысқанда білімге айнала алады. Адамның басында тұманды бұлттар сияқты айналған барлық сұрақтардың негізгі жауаптары махаббат болып табылады. Үмми Синанның айтуынша:

 

Ғылымның хикметімен толды жан-тәнім,

Бірден білім алдым, махаббатқа берілген соң.

Синан-ы Үммиде ешқандай қасірет қалған жоқ

Басқа сұлтанға айналдым, махаббатқа берілген соң.

 

Көңілдің қалағаны хақ, ақиқат ғой. Барлық ғылым жолдары оған қарай төгіледі. Үмми Синан да күдіксіз ақиқат теңізіне төгілген ұлы дана тұлғалардың бірі. Ол бұл жолды біліп, қалағаны үшін таңдаған, бұл жолдың жапасын махаббатпен көтерген:

 

Әй, бар халықтың арманы,

Ал көңілімді өзіңе қарай.

Әй, әр нәрсенің болмысы,

Тарт көңілімді өзіңе қарай.

 

Нәпсімнің кесірінен жолымнан адастым,

Менмендік кесірінен бейшарамын.

Енді кімге жалбарайын?

Тарт көңілімді өзіңе қарай.



Ұқсас жаңалықтар