Пір Сұлтан Абдал

Анатолының дана - ғұламалары 10

Пір Сұлтан Абдал

Әр аймақтың өзіне тән бір тарихы бар. Және бұл тарих осы территорияда өмір сүрген халықтардың дүниетанымдары мен тағдырларына шексіз әсер етеді.

Анатолы тарих бойынша әр мағынада өте әрекетті бір аймақ болған. Тарихта әртүрлі дін және нәсілдерге қонақжайлық жасаған, сондай-ақ сансыз соғыс пен көштің әсерінде қалған. Міне, Анатолыға әсер еткен бұл шарттар ортаға адам сүйіспеншілігі мен бірлік сезіміне негізделген терең бір пәлсапа да туғызған. Бүгін осы пәлсапаның көз алған інжулерінің бірін шығарамыз Анатолы даналық теңізінің тереңдігінен.

«Бірлік» көзқарасы мен тәңір сүйіспеншілігінің мәңгі уағыздаушысы Пір Сұлтан Абдал жайлы баяндаймыз.

Алевилік терең бір пәлсапа және бай наным көздерінен туындаған. осы нанымда ислам дініне тән құндылықтар мен Орталық  Азия және Анатолы нанымдары синтезделген. Ортаға шыққан шоғырланған бір адам мен тәңір сүйіспеншілігі және тұрақты тәңір ізденісі.

Әлемдегі көптеген наным жүйесі кітаптар және уағыздаушылық арқылы сақталып жалғасса, алеви нанымының кітапханасы өлең болып табылады. Алеви пікірінің өзегін ең жақсы көрсеткендер осы поэзияға үнін қосқан ақындар. Әуенмен әрленген алеви өлеңдері «тыныс» деп аталып, әуенге салынбағандар «дейиш» (фраза) атымен аталған.

16-шы ғасырдың ұлы алеви дәруіштерінің бірі Пір Сұлтан Абдал керемет бір сопы болып, жоғарыда аталған дәстүрдің де шыңында орын алады.

Шешендік күші соншалықты есеңгірететін әсері өз наным болмысының арғы жағына дейін асып түседі. Бір хикмет және құндылықтар өлеңі ортаға шығады. Қорында гүлдеген табиғат пен әртүрлі адамдар орын алған.

Пір Сұлтан Абдал тоқтамайтын бір динамика болып табылады.

Ол Анатолы білімінің теңдесі жоқ іргетастарының бірі.

Пір Сұлтан Абдал тақырып болғанда басты нәрсе – күреске толы өмірі. Өйткені, әртүрлі әділетсіздікке қарсы. Халықтың жыршысы іспеттес. Ізбасарларына сенген құндылықтары үшін бел байлап, әр жағдайда тұрақтылық танытуды үгіттеген.

Тастаңдар мені, хақтың махаббатына өртенейін,

Қайтатындар кетсін, мен қайта алмаспын жолымнан

Жолымнан қайтып мақұрым қалайын ба?

Қайтатындар кетсін, мен қайта алмаспын жолымнан

Өлең жолдарында да байқалғандай күштеу жоқ Пір Сұлтанда. Келісім-шарт жоқ. Ол тек қана бір ұсыныс.  Керемет өлең жолдарында бір ұсыныс жасайды адамдарға. Әділеттің қасында болу, хақтың ізінен кету, махаббатпен күюдің ұсынысы...

Бұл мағынада қазіргі кезеңдегі «азаматтық бағынбаушылыққа» ұқсас бір ұстаным екенін де айтуға болады. Әсері жүректер және саналар сезінген бір рух климатын халқына қарай үрлеу.

Пір Сұлтан Абдал әсіресе басқарушы таптың қателіктерін халықтың атынан сынға алған қоғамшыл бір жаратылысқа ие. Бұл оның қатаң көрінісі. Сондай-ақ оның бетке қараған көрінісі бар. Яғни, сұлуға және сұлулыққа. Міне, бұл көрінісімен де айтқан барлық сөзінде жылы бір адам сүйіспеншілігі сезіледі. Және бұл әсіресе өлеңдерімен ортаға шығады...

Пір Сұлтан Абдалдың өлеңдері әртүрлі сезім мен көзқарастардың теңдігін қамтамасыз еткен бір тұғыр. Ашуын сүйіспеншілігімен, белсенділігін тәуекелмен реттейді. Бірақ әр жағдайда белсенділігінен, махаббатынан, еңбегінен бас тартпайды.

Талпын, жағдайыңды түзе,

Түземесең еңбегін ысырап қой.

Нәпсіңе жазалаушы бол, ол жанды өлтір

 Ашылсын гүлдерің әрі жаңадан.

Абдал сөзі негізінде араб тілінен кірген және «бір нәрсені екінші нәрсемен алмастырған кісі» деген мағынада. Бұл әлемде қайғысыз өмір сүруден гөрі даналықты таңдағаны үшін сопыларға да Анатолыда Абдал делінген. Бұлар менмендіктен аулақ, өзі жалғыз жүруді жақсы көрген адамдар болып, көбінесе қалалардан алыс өмір сүретін. Тіпті Пір Сұлтанға қарағанда Абдаллар өз көңілдерінде қалалар құратын.

Көңіл бір ұлық қала,

Рызасыз дәм - у

Бұйырмаса жей алмас, қарсы шығу ғой

Хақ иесі жояр бізді.

Қай қалада болмасын, Пір Сұлтан жүрген жол бірдей. Мұхаммед / Али  жолы онікі. Өйткені олардың ахлақын алған. Хадистер мен өзекті сөздермен және ұлықтардан естіген хикметтермен жүрегін жуып тазартқан және баршаға да мұны үгіттеген:

Жайлау сенің, дала сенің, қала сенің,

Бейшара сенің,кедей сенің, құл сенің,

Мұхаммед пен Алиге барған жол сенің

Ағартып жүрек үйін тазартсаң

Пір Сұлтан Абдал жүрген жолында тек қана бір шарт талап етті достық үшін. Жалғыз бір қылығына қарады, бауырластық үшін. Дүние қайғысын тастаған кім болмасын онымен иықтасты. Және барша Аллаға барған есікті ашты оған:

Тастап дүние қайғысын,

Хаққа берген махаббатын

Растап өз нәпсін

Шайтанды өлтірген келсін.

Сүю қабат қабат бір ғылым. Анатолы дана - ғұламалары бұл қабаттардың барлығын сынаған және сол кезде ғашықтық тіреуін алған тұлғалар. «Махаббаттың қайғысын сынамаған, рахаттығын да көре алмайды» дегендерінің себебі де осы. Қаншама жігіт бұл махаббаттың шартын орындай алмаған. Бұл жолда жүруге шыдай алмаған. Қаншамасы да өз нәпсінің тұзағымен құрыған. Бірақ Пір Сұлтан Абдал махаббат бағытындағы барлық қиыншылықтарды байқаған және үміткерлерге ескерткен.

Сұлу махаббаттың қиыншылығын

Көтере алмайсың деген жоқпын ба?

Бұл бір разылық дәмі

Жей алмайсың деген жоқпын ба?

 

Бұл дәруіштік бір тілек

Білген үшін үлкен дәулет

Жеңі жоқ, жағасы жоқ бір көйлек

Кие алмайсың деген жоқпын ба?

Пір Сұлтан Абдал егер «Пір» деп аталса, бұл жағдай оның қайнап тасқан махаббатынан. Алдымен тілеген, кейін тілегінің ізіне түскен. Өткені дәруіш дегенін алдымен армандау керек, алдымен тілеу керек. Бұл тілектің құндылығын ескерген кезде де есіктер оған мәңгілік ашылады. Беязыт-ы Бистамидің бір сөзі бұл тұрғыдан барлық дәруіштер үшін бір шырақтай. Ол былай деген: «Оны іздеумен таппайсың, бірақ оны тапқандар да іздегендер ғой». Мәулананың махаббатымен өртенгендер үшін қандай тамаша жетекші бұл сөз.

Міне, Пір Сұлтанның да барлық өмірі толық мағынада осындай бір ізденістің көрсеткіші.

Хақ мектебіне барайық

Сұлу жүзін көрермін,

Бір Аллаға жалбарам

Шахқа, патшаға емес.

Хақ артынан жүгірген адам ешкімге қиыншылық келтірмейді. Пір Сұлтан Абдал сияқты Анатолы даналарынан осыны үйренеміз.

Әлемнің барлық түстері және қуанышы жарқыраған ақиқат алдында қандай әлсіз! Көңілімізде гүлденген барлық сүйіспеншілік Алла сүйіспеншілігі алдында қандай мағынасыз? Бұл ғаламда ақылдарды таң қалдыратын не болса, бір кіші ақиқат сыры алдында қаншалықты қарапайым...

Дәруіш Пір Сұлтанға қарағанда әлемге тән қаншама мәселе болса тастау керек.

Жасы қаншада болса да, мәртебесі не болса да адам болудың негізгі міндеті ашық түрде ортаға қойылған. Махаббат арқылы адам болу, әлемге әрқашан мейірімді көзбен қарау...

Хақты сүйгендердің керек емес көз жасы,

Хайуанаттан жаман махаббаты жоқ кісі.

Мейірімділік көрсету - дәруіштің ісі

Бізді жылатқан пір қайта күлдіреді.



Ұқсас жаңалықтар