Президент Ердоғанның Батыс Африка туры

Түрік сыртқы саясатының бағдары 10

Президент Ердоғанның Батыс Африка туры

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның Батыс Африкаға бағытталған сапарының алғашқы аялдамасы Алжир болды. Мавритания және Сенегалмен жалғасқан сапары Малиде аяқталды. Осылайша Ердоғанның Африка құрлығында 2005 жылдан бері сапар шеккен ел саны 32-ге жетті. Африка құрлығындағы өкілетті елшіліктер санын 12-ден 41-ге көтеріп, жүздеген миллиондық сауда көлемінің жүз миллиардтарға жеткізуі міне – осы сапарлардың жемісі.

Сапарлар барысында жалпы кездесулер табысты өтті. Жаһандық мәселелерге қатысты көзқарас алмасылды. Халықаралық террормен күрес және Иерусалим мәселесінен бастап, көптеген тақырыпта ортақ көзқарас қайталанды. Екі жақты сауда және инвестиция мүмкіншіліктеріне бағытталған қадамдар басылды. Сапарлардың күн тәртібін құраған тағы маңызды тақырыптардың бірі FETÖ-мен (Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллель құрылымы) күрес болатын. Президент Ердоған FETÖ-мен күрес тақырыбында африкалық басшылар ортаға қойған маңызды және мықты ынтымақтастыққа назар аударды.

Алжир мен Түркияның ортақ тарихы, бұрынан келе жатқан терең достық пен бауырластық қарым-қатынастары бар. Бұл ынтымақтастық Ердоғанның 2006 жылы Алжирге ұйымдастырған тарихи сапарымен одан әрі жетіле түсті. Екі жақты жоғары деңгейлі сапарлар артты. Экономикалық және сауда-саттық ынтымақтастық көптеген салада маңызды мөлшерде жетілді. Осы сапар аясында қол қойылған «Достық пен ынтымақтастық келісімі» маңызды бір кезеңнің де бастамасы болды. Соңғы кездері екі ел арасында жоғары деңгейлі байланыс пен сапарлар жалғасуда.

Түркия ортақ тарих және діни байланысы бар Мавританиямен саяси қарым-қатынастарды достық пен ынтымақтастық негізінде жетілдіруде. Екі ел арасында кезкелген саяси бір мәселе жоқ. Дегенмен 2008 жылға дейін екі ел арасында маңызды бір жаңалық та болмаған. Түркияның Африка бастамасы саясатымен бірге екі ел арасында екі жақты немесе көп тұсты платформаларда жоғары деңгейлі байланыстар орнады. Мавритания президенті Абдел Азиздің 2010 жылы Түркия сапары, өкілетті елшіліктердің ашылуы екі жақты ынтымақтастық пен қарым-қатынастардың жетілуіне үлкен қарқын болды. Екі ел арасында 2013 жылдан бастап саяси кеңес жиналыстары кезекті түрде жүзеге асуда.

Сенегалдың 1960 жылы тәуелсіздік жариялауымен Түркия Республикасының Дакардағы өкілетті және төтенше елшілігі ашылған болатын. Сенегал болса жылдардан бері жалғасқан қаржы тапшылықтарына қарамастан 2006 жылдың тамыз айынан бастап Анкарада өкілетті және төтенше елшілігін ашты. Түркия мен Сенегал арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары жандана бастады. Сенегал Түркияны өз аймағы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының ықпалды және экономикалық тұрғыдан мықты бір елі ретінде қабылдап, ынтымақтастығын жетілдіргісі келеді.

Түркия мен Мали арасында ынтымақтастық жоғары деңгейде жалғасуда. Ынтымақтастық соңғы кездері Мали президенті мен Мали премьер-министрінің Түркияға ресми сапарларымен одан әрі нығая түсті. Түркия Республикасының Малидегі өкілетті және төтенше елшілігі 2010 жылдың 1 ақпан күні ашылды. Мали президентінің саяси кеңесшісі, өкілетті елші Бирахими Саумар болса 2014 жылы 6 мамыр күні Мали Министрлер Кеңесі шешімімен Анкараға өкілетті елші ретінде тағайындалды. Екі ел арасында көптеген келісімге қол қойылды. Алдағы кезеңде бұл келісімдерге жаңалары қосылады деп күтілуде.

Ердоған мен Түркиядан барған қонақтар Африка елдерінде үлкен құрметпен қарсы алынды. Бұл жағдайдың басты себебі ретінде Түркияның аймақтық үлкен актерлерге ұқсамауы көрсетіледі. ТИКА Африканың су мен денсаулық мәселелерін шешуге күш жұмсауда. Түрік Қызыл жарты ай қоғамы мұқтаждарға азық-түлік және шатыр жеткізеді. Түрік іскерлері салған инвестициялары арқылы халықты жұмыспен қамдайды. Осылардың барлығы – Түркияның Африка саясатының қазіргі ережелеріне сәйкес бастамалар. «Африка табысқа жетсе, Түркия да табысқа жетеді».

Африка сияқты бір аймақта ықпалды бір алаң құру, ұзақ мерзімді ойлау қажетті бір шара болып табылады. Түркия бүгін басқан қадамдардың нақты нәтижелерін бірнеше он жылдан кейін көретін болады. Осы себепті сабыр сақтап, тұрақты түрде байланыстарын жалғастыруға тиісті. Әйтсе де Түркияның (барлық ірі мемлекеттер тамыр жайған) Африканы елемеуі мүмкін емес.

Ердоған бұл сапарында Батыс Африканың 4 мұсылман еліне сапарлай барды. Екі жақты ынтымақтастықты жетілдіру үшін бүкіл Африканы аралайтын сияқты. Меніңше кейінгі аялдамасы Африканың оңтүстігі болмақ. «Африка бастамасы» арқылы Ердоған Түркияның аймақта әділ бір тәртіп орнатуға ықпал етуді нысанаға алып отыр. Африканың күшейетініне сенгені себепті ұзақ мерзімді қадамдар басуда. Бұл нысана Түркияның стратегиялық міндеттерімен байланысты.

Осы сапарлар барысында бір оқиға негізінде түріктердің Африкадағы айырмашылығын ортаға қояды. Президент Режеп Тайып Ердоған өзіне «Түріктер Алжирді отарлық ретінде көре ме?» деп француз тілде сұрақ қойған бір журналистке «Түріктер егер отар болғанда, сен бұл сұрақты маған француз тілінде емес, түрік тілінде қоятын едің!» деп жауап қайтарды. Осылайша Түркияның Африкадағы айырмашылығының ықпалды бір дәлелін де ортаға қойды.



Ұқсас жаңалықтар