«Ұстамды Батыс» мұқтаждығы

Жаһандық перспектива - 10

«Ұстамды Батыс» мұқтаждығы

Тарих – ғибрат алынса егер,  адам баласы үшін қаншалықты пайдалы бір ілім. Бірақ өкінішке орай ғибрат алмаймыз. Болған оқиғалар,  қайғылар,  өлім, зұлымдықтар тез ұмытылады.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Жабайы батыстан ұстамды батысқа

Өткен ғасырда басқа ешнәрсе емес,  тек одан да көп отарлау мақсатымен батыс әлемі тарихта болған барлық соғыстан да көп өлім,  қан мен көздің жасына себеп болған екі ірі соғысқа себепші болды.  Соғыстан кейін тағы да өзі себепші болған бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс қырғынынан сабақ алып,  әсіресе Еуропада құндылықтарға мән беретін саясаттар сатысына енді.  Еуропа Одағында пішінделген,  Еуропада ынтымақтастық,  ұйымшылдық,  еркіндіктерді,  адам құқықтарын,  демократияны басымдық қатарына шығаратын құндылықтарға мән беретін саясаттар Еуропаға да,  өңірге де біршама тыныштық әкелді.

Ұстамды батыстан жабайы батысқа

Бірақ бүгінгі таңдағы жағдайда қайтадан қауіпке мән берілген бір әлемге қарай бағыт алып барамыз. Америка Құрама Штаттары,  Солтүстік Корея және Ресейдің соңғы хабарламалары қарсы тарапты жойып жіберетін химиялық/ ядролық бомбалар кімде көп екені,  кімнің бомба тетігіне ерте басатыны сайысына айналды.

Батыстағы адам құқықтары,  еркіндіктер,  плюрализм,  наным еркіндігі,  түрлі тұрмыс стильдеріне құрмет тұрғысынан жағдай күн өткен сайын нашарлай түсуде.  Ислам мен босқындарға қарсы пікірлер күн сайын артуда. Германия Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда 2017 жылы мұсылмандарға бағытталған 950 шабуыл әрекеті болған. (http://www.spiegel.de).  Бір жылда 950 оқиға! Бір шығыс елінде,  латын немесе мұсылман елінде осы көрсеткіштің жүзден бірі христиан немесе еврейлерге жасалса, әлемнің реакциясын көз алдыңызға елестете беріңіз.  Әрине,  осындай нәрсені ешкім қаламайды. Батыстағы шабуылдар мен әрекеттер басқа жағрапияларға еш үлгі болмауы керек.  Батыста мұсылмандарға бағытталған шабуылдар тек Германиямен шектеліп қана қоймайды.  Батыс елдерінде болғанда,  үнсіз ұмыт қалады. Еуропа мен Америка Құрама Штаттарының жақын тарихында өзгеше тұрмыс салттары бар адамдар өздерін осыншама қауіпте сезінбеп еді.

Көптеген батыс елі жазықсыз құрбандарға,  жетімдерге, босқындарға баспана құқығын қинап берсе,  Фетуллахшы террор ұйымы, PKK, DHKPC секілді Түркияда әртүрлі лаңкестікті жасаған,  адам өлтірген террорлық ұйым мүшелеріне баспана беру үшін шақыру жіберіп отырған секілді.  Батыстағы кейбір елдер тысында әлемде террористтердің баспанасына айналған басқа бір ел бар ма екен? Шыныменен білгім келеді.

Басқа жағынан батыстағы еркіндікті аңсайтын,  плюрализмді жақтайтын,  демократтардың даусы бара-бара өшіп барады.  Еркіндікшіл,  плюралист,  демократ партиялардың емес,  нәсілшіл,  фашистік және нацист партиялардың жинаған дауыстары артуда және осы партиялар кейбір елдерде биліктің серігі болды.  Енді батыста ұстамды емес,  өз қоғамындағы өзгешеліктерге,  көршілеріне, өңіріне және басқа елдерге қауіп төндіретін лидерлер бар.

Жабайы батыс немесе тарихтың аяғы...

Бір сәт үшін адам баласының соңын келтіретін батыстағы ядролық қарулардың,  химиялық бомбалардың осы асыра ұштағы партия басшыларының бақылауына өткенін ойлап қараңыз. Бейбітшілік,  ынтымақтастық,  теңдік,  әділет,  еркіндік, адам құқықтары секілді ұғымдарды емес,  жек көрушілік,  шеттету,  кемсіту,  бөлу, жою секілді ұғымдармен өзі секілді ойламайтындарды адам деп те есептемейтін фанат батыс лидерлерінің қолында осындай қарулар қалай қолданылады? Ойлап қарағанның өзі қорқынышты.  Адамды түршіктіреді.  Осы қарулардың бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар барысында осыншама қорқынышты болмаса да,  шығарған қырғын-қасіреті анық. Бүгінгі қарулардың жою қабілеті мен әлеуетін ойлап қарағанда,  осы қарулар асыра ұштағы биліктің қолына өткен жағдайда,  бұл қияметке шақыру деген сөз. Кейбір футуристтер қазірден-ақ «Құдайдың қолынан қияметті алу» немесе «Тәңірді қиямет жасауға күштеу» туралы мақалалар жаза бастады.

Бүгінгі күні еліндегі өзгешеліктерді жою үшін адам құқықтарына,  еркіндіктерге,  ғаламдық құндылықтарға қарама-қайшы барлық істі пайдаланғандар осы «қауіптен» асқаннан кейін тыныш тұра ма? Тарих бұны қолдамайды.  Еврей қырғынынан кейін осындай адамдардың елдері мен өңірлерін қайда итермелегендері ашық.

Ұстамды батыс мұқтаждығы

Батыстағы бағыт қалыптастырған қауіп осыншама жедел және жақын тұрғанда,  ұстамды батыс мұқтаждығы емес,  қалыпты Ислам таластары күн тәртібіне жиі келтірілуде. Қалыпты Ислам басқа бір мақаланың тақырыбы.  Ал Еуропа мен Америкадағы радикал жағдай баршаны алаңдатады. Осы ұшқарылықтар тек қатысты елдерге емес,  бүкіл әлемге қауіп төндіреді.  Осы мағынада Еуропада орталық оң және орталық сол партиялардың дауыстарының азаюы, еркіндікшіл,  плюралист және демократиялық ортаның дауысының бара-бара өшуі тек Еуропаның болашағы үшін қайғысы жағдай емес.  Радикал ағындарға берілген Еуропаның қайда баратынын өткен ғасырда көрдік.  Сондықтан жер бетінің еркіндікті аңсайтын және бейбітшілікті қолдайтын азаматтары әлем бейбітшілігі үшін алдымен ұстамды батыс үшін жұмыстануы қажет.

 



Ұқсас жаңалықтар