Сирия түрікмендері үшін жаңа бір кезең басталды

Түрік сыртқы саясатының бағдары 08

Сирия түрікмендері үшін жаңа бір кезең басталды

Түркия Республикасының қолдауымен құрылған Сирия Түрікмен Мәжілісі 10-11 ақпан күні Анкарада 4-ші Жалпы Кеңес жиналысын өткізді. Алеппо, Лазкийе, Хама-Хомус, Дамаск-Голан, Ракка аймақтарынан және 3 саяси партияның өкілдерінен құрылған жалпы 360 түрікмен делегат алдымен 42 мәжіліс мүшесін сайлады. Кейін 42 мүше өзара жаңа төрағаны белгіледі. Мәжіліс мүшелері арасында өткен дауыс беруде доктор Мұхаммед Веджих Жұма Сирия Түрікмен  Мәжілісінің 4-ші кезең төрағасы болып сайланды.

Сирия жағрапиясында байырғы халықтардың бірі ретінде түрікмендер 7-ші ғасырдан бері аймақта өмір сүріп келеді. Түрікмендер Сирияда кең алаңға тараған. Алеппо, Лазкийе-Идлиб (Байыр-Буджак), Хомус, Хама, Тартус, Ракка, Дера, Дамаск және Голан аймақтарында түрікмен болмысы бар. Сирия түрікмендері ғасырлардан бері өмір сүрген жерлері мен куәліктерін қорғау үшін бүгін маңызды бір күрес жүргізуде.

Түрікмендердің күресі 2011 жылы халық көтерілісімен бірге Асад режимінің мемлекет террорына қарсы басталды. 2011 жылдан бері Асад режимі Ливан шекарасындағы Алепподағы, Байыр-Буджактағы, Хама мен Хомустағы түрікмен тұрғын аймақтарын қайта қайта бомбалады. Бұл шабуылдар нәтижесінде жүз мыңға жуық түрікмен қаза тапты. Түрікмендердің айтуына қарағанда, тергеуде жатқан және жоғалған он мыңдаған түрікмен бар.

Түрікмендер ұзақ уақыт террор ұйымы ДАИШ-пен күресті. Қазір де басқа бір террор ұйымы болған PKK/YPG-мен күресуде. Бұрын ДАИШ-пен күрескен түрікмендердің күшін бөлуді пайдаланған PKK/YPG бақылауға алған аймақтардағы бейбіт түрікмен, араб және күрдтерді көшуге итермеледі. Бас көтергендерді аямай өлтірді. Қазір болса түрікмендер террор ұйымы PKK/YPG-нің күштеп бақылауға алған жерлерін иелеріне қайтадан қайтару үшін күресуде.

Ғасырлардан бері Сирияда жергілікті халықтан бөлек түрікмендер болмысын жалғастырып келеді. Сирияда түрік тілінде сөйлейтін 1,5 миллионнан астам түрікмен бар. Түрік тілін ұмытқандарды да қосқанда түрікмендердің жалпы саны 3,5 миллионға жақын. Түрікмен болмысын әрі Түркия мұрағаты, әрі Францияның отаршыл әкімшілік мұрағаты растайды. Түрікмендер ұзақ уақыттан бері адам құқығы бұзушылықтары мен қырғындарға ұшырады және мәдени құндылықтары қайтарылмады. Бұл жағдайға қарсы енді халықаралық қоғам наразылық білдіру керек.

Түрікмендер қазір майданда террордың әртүрлісімен күресуде. Қазіргі сатыда түрікмендер өз этникалық болмыстарымен келіссөз үстеліне отырып, өз құқықтарын қорғағысы келеді. Әрине түрікмендер Сирия оппозициясы құрамында бөлек платформаларда да өкілдік жасауда. Бірақ бұл платформада түрікмендердің құқығын қорғау үшін ортаға қойылған талпыныс аса маңызды болса да жеткіліксіз. Дұрыс шешім үшін түрікмендердің де келіссөз үстелінде ерекше орны болуға тиісті.

Сирияда ауқымды бір саяси шешім үшін басылатын барлық қадамдардың ұзақ мерзімде пайда әкелуі елдегі тараптарға берілетін заңды мәртебенің қамтамасыз етілуімен байланысты. Бұл тұрғыдан Сирияның шекара тұтастығын қорғау ережесі аясында түрікмендердің жазылатын жаңа атазаң ішінде Сириядағы болмысын танып, қорғайтын және кепілдік беретін бір заңды мәртебеге қол жеткізуін қамтамасыз ету керек. Осы аяда Сирия түрікмендеріне «құрушы халық» мәртебесін беру тұрақты бір шешімге апарады.

Түрікмендер Сирияда арабтардан кейінгі ең көп тұрғын санына ие екінші этникалық топ болып табылады. Сирия түрікмендері Сирияда артта қалған кезеңде  ең көп азап шеккен халықтардың бірі. Ешбір уақытта этникалық/діни террор ұйымдарымен байланысы болмаған және әрқашан Сирияның тұтастығын қорғаған бір қоғам ретінде Сирия түрікмендерінің талаптары өте орынды және заңды болып табылады.

Сирияда және Таяу Шығыс жағрапиясында түрікмендер замандас, батыстық, демократиялық және зайырлы бір қоғам. Халықаралық қоғам қолдау берсе, түрікмендер әрі Таяу Шығыста, әрі Сирияда демократиялық және зайырлы бір тәртіп орнатуға маңызды үлес қоса алады. Түрікмендер күшейетін болса әрі қарулы күресте, әрі салафия/жиһадшы ұйымдарды жеңеді. Осылайша Еуропа құрлығы әрі босқын көшінен, әрі салафия/жиһадшы ұйымдардан қорғалады.



Ұқсас жаңалықтар