Шавкат Мирзиеевтың билікке келуіне бір жыл толды

Түрік сыртқы саясатының бағдары 06

Шавкат Мирзиеевтың билікке келуіне бір жыл толды

Өзбекстан Республикасын 25 жылы бойынша басқарған Ислам Каримов дүниеден озған соң Өзбекстанда болып өткен президенттік сайлауда Шавкат Мирзиеев жеңіске жеткен болатын. Қысқа уақыт бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бұл міндеттегі бір жылын толтырды.

2017 жылдың ақпан айында Мирзиеев (көптеген салада ауқымды реформаларды көздейтін) 2017-2021 жылдарын қамтитын Өркендеу стратегиясын бекіткен болатын. Бір жылдық кезеңде Өзбекстанда ең ауқымды құрылымдық өзгерістер экономика саласында жүзеге асты. Мирзиеев бір жылдың ішінде мұның алдында мемлекеттің қысымы зиянын тигізген экономиканы ырықтандыруға бағытталған 40 шақты реттеу бастады.

Мирзиеев Каримовтың изоляция саясатынан бастартып, басқа түркітілдес елдермен қарым-қатынастарын жақсартуға ынталы көрінеді. Мирзиеевтың алғашқы шетел сапарын Түрікменстанға ұйымдастыруы - бұл бағыттағы маңызды бір көрсеткіш. Артта қалдырған 14 айдың ішінде Мирзиеев  шетел сапарларын салмақты түрде түркітілдес елдерге ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы президентімен 6 рет, Түрікменстан және Қырғызстан республикаларының президенттерімен үш үштен бас қосты. Сондай-ақ Түркияға да бір рет сапарлай келді және біреуі Өзбекстанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен 2 рет бас қосты.

Өзбекстанның көрші елдермен болған ынтымақтастығын жетілдіру талпыныстары аймақтық ынтымақтастық үшін жаңа бір мүмкіншілік. 2017 жылғы 10-11 қараша күндері Самарқандта  Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қамқоршылығымен «Орталық Азияда қауіпсіздік және жалғастырыла алатын өркендеу» тақырыпты халықаралық бір конференция ұйымдастырылды. Бұл конференцияда 2018 жылы Наурыз Фестивалі алдында Астанада бес Орталық Азия мемлекетінің басшыларының саммитін ұйымдастыруға шешім қабылданды. Түркітілдес елдер арасында жетілген бұл ынтымақтастық тәуелсіз бір Түркістанның күн тәртібін құру жөнінде қажетті шарттарды ортаға қоюы мүмкін. Келешекте Орталық Азияның қалған төрт еліне қашықтығы тұрғысынан жақын болғаны себепті Өзбекстан аймақтық бір сауда орталығына айналуына мүмкіншілік бар.

Мирзиеев алғашқы жылында елдегі баспасөзге одан көп сөз еркіндігі берді. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмысшы қызметін реттеумен байланысты нақты қадамдар басты. 2019 жылдың 1 қаңтар күнінен бастап үкіметтің рұқсатынсыз өзбек азаматтарының шетелге шығуына тыйым салған «шығу визасы» ережесінің күшін жою туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ 10 ақпаннан бастап Өзбекстан ресми түрде Түркия Республикасы азаматтарына 30 күн визасыз саяхат жеңілдігі жасады. Бұл күдіксіз аса маңызды бір жаңалық болып табылады.

Түркия 1991 жылы Өзбекстанның тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болды. Осы себепті екі ел арасындағы ынтымақтастық жылдам жетілді. 2005 жылы Өзбекстандағы Андижан оқиғалары қолға алынған БҰҰ Жалпы Кеңесіндегі отырыста Түркия Өзбекстанға қарсы дауыс қолданды. Бұл себепті 1991 жылы жақсы басталған ынтымақтастық 2005 жылдан кейін тоқтады. Бірақ Ердоған мен Мирзиеевтың екі жақты ресми сапарлары ынтымақтастықтың қайтадан күшеюін қамтамасыз етті. Самарқандта жүзеге асқан басқосуда Ердоғанның «ынтымақтастықта жаңа кезең бастайық» шақыруына Мирзиеевтің енді ауыз жүзінде емес, іс жүзінде ынтымақтастықтың дәл кезі деп жауап қайтаруы Өзбекстан президентінің Анкара сапарының одан үлкен мағынаға келгенін көрсетеді.

Өзбекстан – тарихи тамырластығы себепті Түркияның бағыты мен көңілін өзіне қаратқан бір ел. Осы сапарда екі ел арасында әлсіреген кезеңнің жойылғанын байқаймыз. Түркия мен Өзбекстан ынтымақтастық шаралары аясында экономикалық тұрғыдан текстил, денсаулық сақтау, туризм және тері өңдеу салалары, қауіпсіздік тұрғысынан террормен күресте салмақты түрде екі жақты ынтымақтастықты жылдам жетілдіретін болды. Әрине бұл қарым-қатынастарды азаматтық қоғам мекемелері, баспасөз және академиялық мекемелердің ынтымақтастығы арқылы қолдау керек. Қазақстандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті сияқты екі ел арасында Түркия-Өзбекстан ортақ университетін құру ынтымақтастық деңгейін көтеруге ықпал етеді. Бір кампусы Стамбұлда, бір кампусы Самарқандта болатын Түркия-Өзбекстан Ұлықбек Университеті Түркия мен Өзбекстан жинақтаған тарихи-ғылыми тәжірибені түркітілдес аймақта практикалық тұрғыдан жеткізуде үлкен рол атқаруы мүмкін. Екі елдің ортақ құндылығы болып саналатын Ханефи-Матуриди / Сопылық Ислам қысқаша айтқанда Түрік – Ислам дәстүрі Салафия радикалдығына қарсы Еуразия үшін рационалды бір балама болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан екі елге де үлкен жауапкершілік түседі.

Мирзиеев кезеңі Өзбекстан үшін жаңа бір бастама болмақ. Каримов Түрік Кеңесінен бастап, аймақтық ынтымақтастық құрылымдарға алыс бір саясат жүргізді. Бұл саясаттың өзгеруі аймақтағы актерлердің және Өзбекстан табысты болатын бір ортаның алдын ашуы мүмкін. Өзбекстанда қолдағы ақша мен энергия тұрғысынан кейбір мәселелер бар екені баршаға мәлім. Бұл мәселені шешуде шетелдік инвестициялар және аймақтық ынтымақтастықтар (Түрік Кеңесі және т.б.) шешім табуы мүмкін.

Мирзиеев елі мен аймақты өте жақсы таниды. Бұл тақырыпта тәжірибесі мол. Алдағы кезеңде Өзбекстанның Түрік Кеңесімен ынтымақтастығын жетілдіруі әрі аймақ, әрі түркітілдес әлем үшін аса маңызды болып табылады. Себебі Өзбекстан – түркітілдес аймақтың маңызды елдерінің бірі.



Ұқсас жаңалықтар