Зәйтүн бұтағы операциясы аясында қолданылған отандық қорғаныс жүйелері

Түрік сыртқы саясатының бағдары 05

Зәйтүн бұтағы операциясы аясында қолданылған отандық қорғаныс жүйелері

Түрік қорғаныс өнеркәсібі шекарадан тыс Африн операциясында өте табысты бір сынақтан өтуде. Соңғы жылдары көрші елдердегі тұрақсыздықтар мен түрік армиясының тікелей операция алаңына қосылуы себепті қорғаныс саласындағы жаңа қажеттіліктер де шыға бастады. Ел бетпе-бет қалған қауіптердің түрлілігі іске асырылған жоба саны мен ерекшелігін байытты. Артып отырған қауіптердің тұғыры түрік армиясының айбары мен қорқыту күшін арттыру керектігін ортаға қойды.

Соңғы 15 жылда түрік текті қорғаныс көлік пен оқ-дәрінің экспорт көлемі шамамен 15 есе өсіп, Түрік қарулы күштерінің отандық өнімдерді таңдау туралы ұстанымы саланың күшеюіне үлкен ықпал етті. 2013 жылдан бастап қорғаныс өнеркәсібі саласындағы 450 түрік фирмасы экспорт жасаған ел санын 177-ге жеткізді. Өткен жылы Түркияның қорғаныс экспорты 2 миллиард долларға ұласса, авиация саласымен қосқанда жалпы ақша айналымы 6 миллиард долларды құрады. 2002 жылы 80 пайыз болған қорғаныс өнеркәсібі саласының шетелге бағыныштылығы 35 пайызға шегерілді.

Сауытты құрлық көліктері, шағын және орта қашықтықтағы зымыран жүйелері, қаруландырылған пилотсыз ұшақтар, операциялық теңіз көліктері және осылар үшін арнайы өндірілген оқ-дәрілер сыртқа бағыныштылықты азайтудан гөрі отандық қорғаныс концепциясында қажеттілікті тікелей қамтамасыз ету тұрғысынан аса маңызды. Бұл жағымды жаңалықтарға ықпал еткен тағы бір фактор шетелдік жеткізуші елдердің саяси сылтаулармен Түркияға қару мен технология беру уәделерін орындамауы немесе бұл тақырыпта көңілсіз қозғалуы болды.

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған «Жаман көрші бізді үй иесі қылды» деп түсіндірген бұл кезең Түркияны әлемнің алдынғы қатарлы қару мен қорғаныс технологиясы өндіруші актерлері қатарына қосты. Әсіресе Ирак пен Сириядағы қауіптер НАТО мен БҰҰ одақтың ережелеріне сай Түркия үшін қозғалуға тиісті қауіпсіздік пен шекара қорғанысы уәделерін орындамады. Осыған қоса одақтың әуе қорғаныс жүйелерін қолдануға кедергі жасауы, жедел түрде құрлық пен әуе көліктерін модернизациялау жобаларының кешіктірілуі секілді мысалдар Түркияның одақтастық қарым-қатынастары бар елдерге деген сенімін жойды.

Қазіргі таңда әлемнің ең абыройлы қорғаныс өнеркәсібі тізімі ретінде қабылданған «Defense News Top 100»-де 3 түрік фирмасы орын алады. Әртүрлі жобалардың жаһандық көрінісі жоғарылаған сайын бұл фирмаларға бағытталған тапсырыстардың саны да арта түседі. Соңғы технологиямен қамдалып, отандық мүмкіншіліктермен өндірілген шабуыл және барлау тікұшағы АТАК-ты сату үшін Пәкістанмен келісім жасалды. Пилотсыз ұшақтарды сату тақырыбында болса Малайзиямен келіссөздер жалғасуда.

Өткен жылы Евфрат қалқаны операциясында маңызды роль атқарған «Алтай» атты танктердің зауыт (сериялық) өндірісі басталды. Сондай-ақ олар үшін отандық мотор технологиясын жетілдіру жұмыстары жылдам жалғасуда. Шағын қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйелері «Атылган» (Atılgan) мен «Зыпкын» (Zıpkın) төменгі биіктікте қолданыла бастады. Орташа биіктікте қолдану мақсатты жобаланған «Хисар-А» (Hisar-A) қорғаныс жүйесінің сериялық өндірісі 2020 жылы басталмақ.

Тікұшақтар және қаруландырылған ұшқышсыз ұшақтарға монтаж жасалатын Жирит (Cirit) зымырандары соңғы рет Африндегі Зәйтүн бұтағы операциясында қолданылып, Түрік Қарулы күштеріне маңызды мүмкіншіліктер берді. Бірақ ұлттық қорғаныс жүйелерін 100 пайыз отандық технологиямен қамдау қысқа мерзімнен гөрі ұзақ мерзімде жүзеге асатын секілді. Әйтсе де қаржылай және технологиялық салаларда кейбір кемшіліктері бар Түркияның алдында әлі ұзақ кезең бар. Сондай-ақ мұны да айтқан жөн шығар: Әлемнің алдынғы қатарлы күштерінің өзі басқа елдермен өзара бағыныштылықты жалғастыруда. Қорғаныс саласында сыртқа бағыныштылығы жоқ жалғыз ел ретінде АҚШ пен Ресейді атауға болады. Экономикалық қарқын және технологиялық инфрақұрылым тұрғысынан Түркияның қазірше осы екі елге бәсекелес болуы оңай емес.



Ұқсас жаңалықтар