Жаһандық перспектива - 1

Проф. Др. Кудрет Бүлбүл*

Жаһандық перспектива - 1

Жаһандық перспектива - 1

Құдай қаласа,  биыл апта сайын осы виртуалды ортада сіздермен бірге боламыз.  Ұзын жолда бірге жүреміз.  Жазу – жазушы мен оқырманның бір сапары. Сапарда серік болу құрмет,  сүйіспеншілік және сенімді қажет етеді.

Жазуға батылдық керек, сенім керек. Жазған кезде барлық тәжірибеңізді көрсетесіз. Өзіңізді,  пікіріңізді, көңіліңізді ашасыз.

Жазу бір жақты емес, жазу – ықпалдасу.  Оқырманнан келетін жауаптар  өзара бөлісуді білдіреді.

Жазу – жаңалық ашу. Ондаған жылдың тәжірибесінен, оқығандарыңыздан өзіңізге шығаратын сабақ, ішке қарай сапар, жаһанға ашылу.

Жазу – серуен. Бастаған кезде жазғандарыңыздың қайда соғатынын нақты білмейсіз.  Жазғаннан кейін немен бетпе-бет келетінін,  қай жерде қалай әсер қалдыратынын да...

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саяси ғылымдар факультетінің деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің анализін ұсынамыз.

--

Осы серуенде сіздермен көптеген жерге соғып,  көптеген тақырыпқа тоқталамыз. Кейде Балқанды,  Таяу Шығысты,  Кавказды, Африканы күн тәртібіне келтіреміз. Кейде Палестинаға, Қырымға, Месхетияға, Мороға, Араканда жазықсыз мұсылмандардың дауыстарына құлақ түреміз. Кейде Еуропада баласы тартып алынған бір отбасының,  батыста шеттетілген бір босқынның, өзінен адасып қалмау үшін жол табуға тырысқан бір жігіттің даусы боламыз. Тілі, діні, түсі,  нәсілі не болса болсын, жер бетіндегі адамдық үшін қайғыратын адамдарға шақыру тастаймыз. Себебі Батыстағы бағыт өте қайғылы.

Бірақ барлық жағдайда көбіне Түркияға қарауға тырысамыз. Түркияның проблемаларын емес,  әлем мәселелеріне Түркиядан қараймыз.  Көбіне ел ішіндегі мәселелерге қамалып, жаһандық оқиғалардан алыс қаламыз. Басқа елдердегі оқиғаларды білмегендіктен, қол жетікізілген жетістіктерді көре алмауымыз мүмкін. Әрдайым ел ішіндегі проблемалармен арпалысу әлемдегі оқиғаларды,  адам баласының бізге берген құндылықтарын көруімізге кедергі болуы мүмкін. Бізге қалған мирас басымызды көтеруді, әлемде не болып жатқанын түсінуді және Түркиядан, басқаша айтқанда бізден күтілген үмітті жаңғыртуды қажет етеді.

Ал осы жерде жарығымызды қай бағытта ұстап, әлемге қай жерден қараймыз?

Бүгінгі таңда әлемге қарағанымызда,  жалпы үш проблемамен бетпе-бетпіз. Әділетсіздік, бөліспеушілік және өзге мәдениеттермен бірге өмір сүре алмау.

Адам баласының барлық дерттерін,  қиыншылықтарын осы үш проблемада жинақтауға болады. Ал адам баласының осы негізгі үш проблеманы шеше алатын бір тәжірибесі бар ма? Баршаға әділет тарататын,  аш көршісін ойлайтын, қай тіл, дін,  нәсіл және түсте болса болсын Юнус секілді жаратылғанды жаратқанға бола кешіре алатын бір дәстүр? Егер адам баласының осындай дәстүрі болса, бізді қайда апаратыны белгісіз, сыналмаған пікірлер арқылы емес, бұрын сыналған,  қолданылған,  бізді амандыққа апаратын дәстүрдің ішінен жүрейік.

Әділет, бөлісу және плюрализм тұрғысынан батыс мәдениетінен алынатын жол шектеулі. Бізге осы тақырыптарда өз мәдениетіміз жол көрсете алады. Хорасаннан Балқанға мың жылдық сапарымыз осы проблемаларды шешу жолында жолымызға жарық түсіретін шамшырақ іспеттес.

Осы тұрғыдан қарағанда,  мың жыл бұрын Стамбул адам баласы үшін ең жаһандық мекендердің бірі болған деп айтуға болады. Бір пікір, идеология, түсінік адамдар жеке бастарына өмір сүрген шағын елді мекендерде емес,  өзгешеліктер бірге болған орталарда тереңдей түседі.  Себебі осы ой-пікірлер өзгешеліктер және қайшылықтар алдында нығая түседі. Осы аяда  конституциялық монархия кезі мен одан бұрын Стамбул жақын тарихымызда өзгеше ой-пікірлер бірге болған, осы түрлі ойлар айтылған бір мекен болған. Стамбул – империяның түрік,  араб, күрд, албан, босниялық секілді мұсылман және христиан, еврей, армян секілді мұсылман емес тұрғындары бірге тұрған қала.  Осы ерекшелігімен Стамбул бүгінгі проблемаларды егжей-тегжейлі талқылай алатын тәжірибеге ие деп ойлау көріпкелдік болмас.

20-ғасырда өз өркениетімізден де ажырау деген мағынаға келетін түркиялық зиялыларға батыс өркениеті қатты әсер етті.  Жақын дәуірде Мысыр, Иран, Пәкістан секілді елдердегі пікір қозғалыстары да әсер етті.  Әрине,  батыстағы және шығыстағы оқиғаларды қадағалау түрлі пікір, пайымдарды білу және баға беру – пайдалы. Бірақ осы елдердегі оқиғаларды қадағалаған түркиялық зиялылар жақын уақытта өзгешеліктер көп болған, сондықтан ой-пікір тереңдігі көп Стамбул мен сол жердегі таластарды жеткілікті анализ етті деп айта алмаймыз. Республика дәуірінде Стамбулдың үстіне жабылған «орамал», өкінішке орай әлі толығымен ашылған емес.

Ал бүгінгі таңда да адамдар өз кәліктерімен тыныш өмір сүре алатын,  шеттетілмейтін, басқа жерлердегі адамдардың қайғысын жақыннан сезінетін қанша қала бар әлемде? Сондықтан бүгін бізге проблемаларды шешу үшін керек тәжірибе, ең ыңғайлы, ең жақын жер Стамбул тәжірибесі десек,  қате болмас.  Осы тәжірибе алдымыздағы барлық проблемаларға жарық түсіретін, теңіз маягы секілді ортада тұр. Бәлкім тарихшы Тоиби айтқан «тоқтатылған өркениет» Стамбул шығар.

Шығыс пен батыстың жиынтығына ие Стамбул бүгінгі проблемаларды шешуде бізге жол көрсетуші бола алады.  Бірақ біз де бүгін осы жиынтықтан қол жазып қалғандаймыз.

Оған қайта айналып, сол жерден қозғалуымыз керек.

Осы бағдарлама осындай сапар үшін. Бір жағынан осындай терең жиынтық пен тәжірибені қайта ашу, бір жағынан сол арқылы жаһандық проблемаларға шешім табу үшін...

Осы жолдар көптеген тілге аударылады. Әлемнің қай жерінде қай тілден, қай діннен,  түс пен нанымнан болсаңыз болыңыз,  осы жаһандық серуен үшін мен де бармын десеңіз,  қанекей, бірге жүрейік. Жолымыз ұзын, уақытымыз аз.

Бісміллахи рахмани рахим....жолымыз ашық болсын.

*Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саяси ғылымдар факультетінің деканы



Ұқсас жаңалықтар