«Бейбітшілік үшін әріптeстік» бастамасы және Қазақстан

Түркия және Еуразия тынысы 50

«Бейбітшілік үшін әріптeстік» бастамасы және Қазақстан

«Бейбітшілік үшін әріптeстік» бастамасының негізгі мақсаты қырғиқабақ соғыстың аяқталуымен НАТО-ға альтернативті ұсынылған қауіпсіздік құрылымдарын шектеу. Осыған қарағанда НАТО бір жақтан кеңейіп, бұрынғы Кеңес Одағына мүше мемлекеттерін қабылдай алады, басқа жақтан өзі сенген құндылықтарды айналасымен бөліседі.

Абсолютті қайшылық ережесіне сүйенген қауіпсіздік түсінігі Кеңес Одағы ыдыраған соң тартымдылығын жоғалтты. НАТО болса қырғиқабақ соғыс кезіндегі қауіпсіздік түсінігін өзгертті. Кеңес блогынан бөлініп шыққан елдердің барлығының НАТО-ға мүше болуы әрине мүмкін емес. Осы себепті жаңа шешімдер жетілдіру міндеті ортаға шықты. Бұл тұрғыдан «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы бұл бастамаға қосылған елдерді не толығымен НАТО құрамына қосады, не де сыртта қалдырады.

«Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасының басты нысаналары:

  • Шығыс Еуропа, Қаратеңіз, Кавказ, Орталық Азия және Балкан елдерімен НАТО арасындағы мекемелік ынтымақтастықты жетілдіру,
  • Бұл елдердің НАТО-ның жалпы қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндірмейтін күйге келтіруді қамтамасыз ету,
  • Бұл елдердің аймақтық қауіпсіздікке болымды үлес қосуына делдалдық жасау,

Осындағы «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасына мүше елдердің ұзақ мерзімде өздерін НАТО-ның құрушы құндылықтары төңірегінде өзгерісі мақсат етіледі. Сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосуы көзделеді. Сондықтан «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы мүшелерінің орта және ұзақ мерзімде өзгерістерін қамтыған бір жоба болып табылады.

Қазақстанның НАТО мен практикалық тұрғыдан ынтымақтастығы «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасының құрылымдық құжатына 1994 жылы қол қоюымен ресми түрде басталды. НАТО-ның Кавказ және Орталық Азия арнайы өкілі Джеймс Аппатхурайдың айтуынша, Қазақстан аймақтағы одақтастықтың ең белсенді ортағы. Екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін маңызды механизмдерінің бірі де 2006 жылы бірігіп жетілдірілген екі жылдық «Әріптeстік іс-қимыл жоспары» болып табылады. Жоспар арқылы одақ Қазақстанға жасаған жәрдемдерде елдің нақты қажеттіліктері мен басымдылығын назарға ала отырып, қолдау бере алады. Осылайша елдің қорғаныс және қауіпсіздік салаларына да үлес қосады.

1995 жылдан бері Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы аясында қорғаныс реформасы, әскери мекемелер арасындағы ынтымақтастық, азамат пен әскер қарым-қатынастары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және сондай оқиғалардың зардаптарын жою, оқу, ғылыми ынтымақтастық сияқты бірқатар бағдарламаларға қатысты. Қорғаныс және қауіпсіздік саласы реформасы аясында НАТО Қазақстанның Қорғаныс министрлігін мекемелік реформалау кезеңінде маңызды деңгейде тәжірибесін бөлісті.

2008 жылы шілде айында Алматы қаласында Қазақстан-НАТО ынтымақтастық жоспары аясында Орталық Азияның Қазақстан Орталығы (KAZCENT) атымен алғашқы «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы оқу орталығы ашылды. Алматыдағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында қызметін бастаған «KAZCENT» 2010 жылы желтоқсан айында НАТО тарапынан Орталық оқу-жаттығу орталығы ретінде аккредиттелді. Орталықтың ашылу мақсаты НАТО-ға мүше және стратегиялық ортақ елдердің әскери жасақтарына қоса, бейбітшілік күші операцияларына қатысу үшін әскери кадрларды дайындау болып табылады.

НАТО-Қазақстан ынтымақтастығы салаларының бірі де халықаралық терроризммен күрес. Қазақстан «Террормен күрес әріптестігі іс-қимыл жоспарының» ортағы. Қазақстан бұл жоспардың ортағы ретінде НАТО-мен тиісті ақпараттар мен сараптамаларды бөлісіп, террормен күрес қабілетін жетілдіруде және шекара қауіпсіздік шараларын күшейтуде.

Қорыта айтқанда, НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы аясында жүргізген ынтымақтастығы Қазақстанның мүддесіне көптеген мүмкіншілік ұсынады. «Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы Қазақстанның терроризм, діни радикалдық және этникалық қақтығыстар, ұйымдасқан қылмыс, есірткімен күрес, жаппай жою қаруларының тарауы және басқа да қиын жағдайлармен күресуіне үлес қосады. Баршаға мәлім, Қазақстан НАТО-ға толық мүше болуды қалаған бір мемлекет емес. Бірақ Қазақстан үшін НАТО-мен мекемелік ынтымақтастықты қалыптастыру аса маңызды. Өйткені бұл ынтымақтастық тек қана Қазақстанның әскери тұрғыдан күшеюіне ықпал етпей, аймақтық тұрақтылыққа да үлес қосады. Орталық Азияда қауіпсіздік ынтымақтастығының күшеюі көршілес үлкен күштердің Орталық Азияға бағытталған сыртқы қысымдарын шектейді.

«Бейбітшілік үшін әріптeстік» бағдарламасы арқылы НАТО өзімен лайықты түрде жұмыстанатын және әскери операцияларға қосылатын мемлекеттердің бір хауызын құруда. Басқа жағынан бағдарламаға ортақ мемлекеттер өз әскерін модернизациялау нысанасын жүзеге асырады. Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастық жетілдіруі күдіксіз Түркия Республикасы үшін де аса маңызды бір жаңалық болып табылады. Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығын жетілдіруі Қазақстан-Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа да болымды ықпал етеді.



Ұқсас жаңалықтар